19.12.2008, 18:34 3009

Алматыда жылдың аяғына дейін 687 үлескер өз пәтерлерін алады

Алматыда жылдың аяғына дейін 687 үлескер өз пәтерлерін алады

Алматы. 19 желтоқсан. "Қазақстан Бүгін" - Алматыда жылдың аяғына дейін 687 үлескер өз пәтерлерін алады. Бұл туралы бүгін өткен баспасөз мәслихатында Алматы қаласы әкімінің орынбасары Виктор Долженков мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

Икімдіктің мәліметінше, "ағымдағы жылдың аяғына дейін мемлекеттік қолдау желісімен төрт тұрғын үй кешенін пайдалануға беру жоспарлануда. Оларда 1200 пәтер пайдалануға беріледі, үлескерлер саны - 517".

Сонымен бірге, құрылыс компаниялары 238 пәтерлі үш кешенді өз күштерімен пайдалануға береді, олардан 170 үлескер пәтер алады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны