07.08.2012, 14:16 2956

Алматыда жылу энергиясының тарифі 1 қыркүйектен бастап 9%-ға қымбаттайды

2012 жылғы 1 қыркүйектен бастап Алматы тұрғындары үшін жылу энергиясының тарифі 9 пайызға қымбаттайды, деп Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Алматы қаласы бойынша департамент директоры Дәурен Жандарбек мәлімдеді.

Алматы. 7-тамыз. Kazakhstan Today - Алматыда жылу энергиясының тарифі 1 қыркүйектен бастап 9%-ға қымбаттайды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

2012 жылғы 1 қыркүйектен бастап Алматы тұрғындары үшін жылу энергиясының тарифі 9 пайызға қымбаттайды, деп Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Алматы қаласы бойынша департамент директоры Дәурен Жандарбек мәлімдеді.

"Жылу энергисына тариф 9% арттырылады. Бұған басты себеп материалдық шығындар бағасының артуы, қызметкерлер құрамына еңбекақы индексациясы және жылу көздерінде өндірілетін жылу қуаты құнының қымбаттауы болып отыр", - деп ол бүгін Алматыда өткен баспасөз мәслихатында атап көрсетті.

Энергияны үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру туралы" заңға сәйкес, Табиғи монополияларды реттеу агенттігі ақырғы тұтынушыларда жылу энергиясын есептегіш құралдың бар-жоғына қарай сараланған тариф бойынша есептеу әдісі әзірленген.

Жылу есептегіш құралын орнатпаған жеке тұлғалар үшін тариф өсімі 20 пайыз, қалған тұтынушылар үшін (заңды және басқа тұлғалар) шамамен 50 пайызға өседі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны