02.10.2018, 14:40 4129

Алматыда жылу желілерін қайта жаӊғыртуға жоспарланған жұмыстар аяқталды

Мақсұт Исаховтыӊ айтуынша, жылыту маусымына дайындық кезінде жылу желілеріне гидравликалық сынақтар жүргізу кезеӊінде 1757 ақау анықталды, бүгінгі күні қалған 56 ақауды жою керек (1701-і жойылды). Аталған жұмыстар 2018 жылдыӊ 5 қазанына дейін толық аяқталатын болады, содан кейін циркуляция режимі іске қосылады.

Алматы. 2 қазан. Kazakhstan Today - Алматы қаласы Өӊірлік коммуникациялар қызметі алаӊында Алматы қаласы Энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасыныӊ басшысы Мақсұт Исаховтыӊ қатысуымен баспасөз конференциясы өтті.

Мақсұт Исаховтыӊ айтуынша, жылыту маусымына дайындық кезінде жылу желілеріне гидравликалық сынақтар жүргізу кезеӊінде 1757 ақау анықталды, бүгінгі күні қалған 56 ақауды жою керек (1701-і жойылды). Аталған жұмыстар 2018 жылдыӊ 5 қазанына дейін толық аяқталатын болады, содан кейін циркуляция режимі іске қосылады.

2018 жылы жоспарланған 13,2 км-діӊ (8,2 млрд. теӊге сомасына) 10,5 км-і орындалды. "Нұрлы Жол" бағдарламасы бойынша Төле би даӊғылыныӊ бойындағы (ТМ-12 және ТМ-4в) жұмыстар көлемініӊ қысқаруына байланысты 2,7 км-і 2019 жылға өтті.

2017- 2018 жылдардан өтетін 6,5 км-діӊ сомасы- 3 млрд. теӊге. "Нұрлы Жол" бойынша 1,2 млрд.теӊге сомасына ұзындығы 2,2 км; "ЭжКШБ" КММ қаражаты есебінен 1,6 млрд. теӊге сомасына ұзындығы 3,9 км; "АлЖЖ" ЖШС (ФЭО) бағдарламасы бойынша 148,5 млн. теӊге сомасына ұзындығы 0,4 км.

2018 жылы "Нұрлы Жол" бойынша 4,2 млрд. теӊге сомасына 4,3 км; инвестициялық бағдарлама бойынша "АлЖЖ" ЖШС қаражаты есебінен 889,4 млн. теӊге сомасына ұзындығы 2,3 км.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны