Система Orphus

Алматыда жылу желісініӊ апатынан жапа шеккен азаматқа өтемақы төленеді - "Алматыжылу" холдингі

10.02.2015, 20:06 1667

Алматы. 10 ақпан. Kazakhstan Today - Бүгін таӊертеӊ сағат 11-12 шамасында Райымбек пен Наурызбай батыр көшелерініӊ қиылысында диаметрі 800 мм болатын жылу құбыры жарылып, ыстық судыӊ ағыны орын алды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Апат салдарынан ер адам күйік шалып ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды inform.kz тілшісі.

"Жапа шеккен азаматқа сақтандыру компаниясы арқылы өтемақы төленетін болды. Қазір апаттыӊ салдары анықталуда. Алдын ала анықтау бойынша негізгі себебі құбырдыӊ тозуы. Нысан 80 жылдары пайдалануға берілген екен", - деді Ян Гирин.

Қазір аудандағы 4 көппәтерлі үй, 2 мектеп, 10 өзге де нысандар жылу мен ыстық сусыз отыр.

Апатты қалпына келтіру жұмыстары біткен соӊ 10-12 сағаттан кейін аталған нысандарға ыстық су мен жылу қосылатын болады.

При использовании информации, гиперссылка на информационное агентство Kazakhstan Today обязательна.

Комментарии

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны