29.04.2008, 17:10 3326

Алматыда жылу желісінің жарылуынан ыстық су атқылады

Алматыда жылу желісінің жарылуынан ыстық су атқылады

Алматы. 29 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - Алматыда 9 сағат 30 минутта Төле би және Ибдуллин көшелерінің қиылысында жылу желісінің жарылуынан ыстық судың атқылады, деп хабарлайды агенттік "Алматының жылу желісі" АҚ сілтеме жасай отырып.

"Алматының жылу желісі" АҚ №1 пайдалану ауданының бастығы Евгений Полевой хабарлағанындай, магистральді құбырдың тұтастығын тексеру мақсатында жылу кезеңі аяқталғаннан кейін жыл сайын өткізілетін гидравликалық сынақтары салдарынан ыстық сумен бірге асфальт пен топырақ атқылады.

Оның сөздері бойынша, ыстық судың атқылауынан бір адам күйікке шалдығып, облыстық ауруханаға э жатқызылды. Сонымен бірге көлік жуу орнының жанына қойылған 10 көлікке зақым келді.

Жылу желісі учаскесінде хабарлағанындай, апат болған жерге жақын тұрған үйде ыстық су қалыпты режиммен жұмыс істеп тұр, ыстық су беру тоқтатылған жоқ.

Куәгерлердің айтуынша, атқылаған ыстық судың биіктігі 15-20 метрге дейін жетіп, ыстық сумен бірге жерге асфальттің жарықшақтары мен тастар атылған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны