24.04.2018, 23:13 7794

Алматыда жылу жүйелерін жөндеуге байланысты қаланыӊ жеті көшесінде көлік қозғалысын сегменттік шектеу басталады

Алматыда жылу жүйелерін жөндеу жұмыстары мамырда басталып, тамыз айында аяқталады.

Алматы. 24 сәуір. Kazakhstan Today - Алматыда жылу жүйелерін жөндеу жұмыстары мамырда басталып, тамыз айында аяқталады.

Алматыда биыл жазда 12 шақырымнан астам жылу жүйелері қайта жасалады. Қазіргі кезде дайындық жұмыстары жүруде, ал 10 мамырдан қаланыӊ жеті көшесінде көлік қозғалысын сегменттік шектеу басталады. Алдағы уақытта инженерлік желілерді жөндеу жұмыстарына орай өткен кеӊейтілген жиында Алматы әкімі Бауыржан Байбек жайсыздықты барынша азайту үшін уақытша сызбалар арқылы қала тұрғындарын жылы сумен тұрақты қамтамасыз етуді тапсырды.

Биылғы жылы жылу жүйелерін модернизациялау жұмыстары Бөгенбай батыр, (Мұқанов/Ийтиев), Жамбыл (Пушкин/Назарбаев), Қазыбек би (Уәлиханов/Абдуллиндер), Қарасай батыр (Наурызбай батыр/Чайковский), Төле би (Варламов/Өтеген батыр/Отар), Чайковский (Қарасай батыр/Төле би) және Шагабутдинов (Құрманғазы/Орталық стадион) көшелерінде жүреді.

Алматы әкімініӊ орынбасары Алмас Мәдиев өзініӊ сөзінде қазіргі кезде әр участок бойынша нақтылы кесте жасалғанын, техника мен жұмысшыларыныӊ саныныӊ анықталғандығын айтты. Қайта жасалатын барлық объектілерде мердігерлік ұйым туралы ақпарат бар паспорт, тиісті жол беліглері болады және жүргіншілер үшін қоршаулар қойылады.

Ол көптеген нысандарда реконструкциялауды шілде айыныӊ соӊында аяқтаудыӊ жоспарланғанын, ал кейбір күрделі және ұзын учаскелерде жұмыстыӊ тамыз айында бітетінін айтты. Жұмыс барысында жақын орналасқан аймақ міндетті түрде абаттандырылады.

Энергетика және коммуналды шаруашылық басқармасы бұрын жөнделген учаскелердіӊ жол жиектеріндегі топырақтыӊ шөгуін зерттей бастады, олар кепілді міндеттеме ретінде мердігер арқылы қалпына келтіріледі.

Айта кетерлігі, Алматыда 2018 жылы 157 көшені жөндеу жоспарланған.Алматы реконструкциясы аясында қаланыӊ бірқатар маӊызды даӊғылдары жаӊарады, соныӊ ішінде Абай, Абылай хан, Назарбаев даӊғылдары және басқалары бар. Бұрын жөнделген 455 аула алаӊдарына қоса биыл қаланыӊ барлық аудандарында тағы 585 аула жаӊарады.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны