12.06.2013, 13:41 3635

Алматыда жылжымалы экопост өз жұмысын бастады

Болат конструкциялардан жасалған мобильді нысан тасылмалдауға өте ыңғайлы. Экопост сыртқы ықпалдан толық қорғалған. Оған жарық және жылу көздері орнатылған. Экопостың пайдаланылу мерзімі - 15 жыл.

Алматы. 12-маусым. Kazakhstan Today - Алматыда жылжымалы экопост өз жұмысын бастады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

BNews.kz ақпараттық агенттігінің Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлауынша, тұңғыш экопост Халлиулин - Талғар тракті көшелерінің бойындағы "Думан" шағын ауданында орналасқан.

Болат конструкциялардан жасалған мобильді нысан тасылмалдауға өте ыңғайлы. Экопост сыртқы ықпалдан толық қорғалған. Оған жарық және жылу көздері орнатылған. Экопостың пайдаланылу мерзімі - 15 жыл.

Жылжымалы экопостың техникалық қондырғылары арқасында жол полиция қызметкерлері жүргізушілерге салынған айыппұл туралы мәліметті дер кезінде алады.

2013 жылдың аяғына дейін Алматыда осындай 10 жылжымалы экопост жұмыс істемек.

Естеріңізге сала кетсек, залалды заттар шығаратын көлікті анықтайтын 56 газсараптаушысы бар 13 пост мегаполисте жұмыс істеп тұрғаны белгілі.

Жыл басынан бері 67 көлік арнайы тексеруден өтті. 15 мыңнан астам жүргізуші 53 394 млн. теңге айыппұл төледі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны