17.02.2011, 13:11 4310

Алматыда жоғалып кеткен қыз табылды

Алматы қаласының ІІД ақпараттарына сүйенсек, Алматыда хабар ошарсыз жоғалып кеткен 14 жастағы қыз табылған, ол үйінен өз еркімен кетіп қалған, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Алматы. 17 - ақпан. Kazakhstan Today - Алматы қаласының ІІД ақпараттарына сүйенсек, Алматыда хабар ошарсыз жоғалып кеткен 14 жастағы қыз табылған, ол үйінен өз еркімен кетіп қалған, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Алматы қаласының ІІД баспасөз қызметінің хабарлауынша, "іздестіру шараларының барысында Олеся жоғалып кеткеннен кейін бірнеше рет анасымен телефон арқылы хабарласқандығы және д үйден өз еркімен кетіп қалғандығын хабарлағандығы белгілі болған". "Қыз анасымен кезекті сөйлесуі кезінде анасы оған жылы киімдер мен ақша жеткізіп беруге келіскен. Кездесуге Валентина Конрадпен бірге полиция қызметкерлері де барған",- деп хабарлады ІІД.

Баспасөз қызметінің мәліметтеріне сүйенсек, "Олеся Конрад үйден өз еркімен кеткендігін және үйіне қайтқысы келмейтіндігін мәлім еткен".

"Жасөспірімнің мұндай мінез танытуының себептері кейінірек анықталатын болады",- деп хабарлады ІІБ Медеу АІІБ бастығы, полиция подполковнигі Бақыт Қасабеков.

Бұрын хабарлағанымыздай, Алматыда 7-ақпан күні мектепке кеткен он төрт жасар Олеся Конрад үйіне қайтып оралмаған. Баланың анасы полиция мен журналистерге көмек сұрап хабарласқан болатын.

Анасының айтуынша, "қызды соңғы рет сыныптастары мектепте көрген. Олеся дарынды балаларға арналған спорт мектебінде оқиды. Оның соңғы сабағы 16.10 аяқталған. Жоғалған бала әдетте үйіне автобуспен бір сағат жүріп келетін".

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны