22.05.2015, 15:41 4451

Алматыда жол апатынан 6 бала зардап шекті

"Көлікте 13 бала болған. Олардыӊ ішінде 6-уы түрлі жарақаттармен №1 қалалық клиникалық балалар ауруханасына жатқызылды", - деді қалалық Денсаулық сақтау басқармасыныӊ баспасөз хатшысы Лейла Кеӊесбаева

Алматы. 22 Мамыр. Kazakhstan Today - Алматыда жеӊіл автокөлік пен мектеп автобусы соғылды.

Салдарынан 6 бала ауруханаға жатқызылды. Жол апаты Қарасу шағынауданында болған, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"Көлікте 13 бала болған. Олардыӊ ішінде 6-уы түрлі жарақаттармен №1 қалалық клиникалық балалар ауруханасына жатқызылды", - деді қалалық Денсаулық сақтау басқармасыныӊ баспасөз хатшысы Лейла Кеӊесбаева, деп хабарлайды inform.kz тілшісі.

Оқиғаға байланысты қалалық денсаулық сақтау басқармасыныӊ өкілдері бүгін түскі 15:00-де баспасөз мәслихатын өткізбек.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны