11.11.2015, 16:11 4011

Алматыда жол ережесін бұзған той кортежініӊ қатысушылары жауапқа тартылды

Алматы полициясы жол ережесін өрескел бұзған той кортежініӊ қатысушыларын жауапқа тартты. Тексеріс барысында анықталғандай, оқиға жетінші қарашада кешкі бестер шамасында Абай даӊғылында, Байзақов көшесініӊ шығысына қарай орын алған

Алматы. 11 қараша. Kazakhstan Today - Алматы полициясы жол ережесін өрескел бұзған той кортежініӊ қатысушыларын жауапқа тартты. Тексеріс барысында анықталғандай, оқиға жетінші қарашада кешкі бестер шамасында Абай даӊғылында, Байзақов көшесініӊ шығысына қарай орын алған, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Тәртіп сақшылары той кортежі түсіп қалған бейнежазбаны жіті зерттеп, көлік жүргізушілерді бірден анықтады, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.

"Қазіргі таӊда аталған кортеждіӊ құрамында болған екі көліктіӊ жүргізушілері ұсталды және ҚР ИҚБК 601 бабы, 1 тармағы мен 595 бабы 1 тармағында қарастырылған құқық бұзушылық белгілері бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды", - деп хабарлайды Адматы ІІД баспасөз қызметі.

Бұған қоса, қозғалыс кезінде жол ережесін өрескел бұзған (қарама-қарсы жолаққа шығу, апатты жағдай туғызу, маневр жасау ережесін бұзу және басқа да құқық бұзушылықтар) тағы екі автокөлік жүргізушілерініӊ аты-жөні анықталды.

Қазір іздеу бөлімініӊ қызметкерлері жол ережесін бұзып, өзгелердіӊ өміріне қауіп төндірген жүргізушілерді ұстау үшін тиісті шараларды қолға алды.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны