21.08.2006, 11:39 2574

Алматыда жол полициясы қызметкерлерінің түнгі рейді кезінде жол қозғалысы ережелерін бұзуға қатысты 85 дерек әшкереленді

АЛМАТЫ. 21-тамыз. Kazakhstan Today. Өткен демалыс күндері Алматыда жол полициясы қызметкерлерінің түнгі рейді кезінде жол қозғалысы ережелерін бұзуға қатысты 85 дерек әшкереленді. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне Алматы қалалық ІІД-нің баспасөз қызметінен хабарлады.

"Заң бұзушылықтардың басым бөлігі мас күйінде көлік айдауға байланысты,- дейді полиция қызметкерлері. - Рейд барысында осындай тәртіп бұзған 68 жүргізуші ұсталды".

Жол түйілістерінен дұрыс өтпеу - тағы бір кеңінен таралған заң бұзушылықтардың бірі. Осындай 7 дерек тексеру барысында әшкереленді.

Сонымен бірге автокөліктерін тиісті құжаттарсыз айдап жүрген бес жүргізушінің үстінен әкімшілік хаттама қозғалды.

Рейд нәтижесінде 8 автокөлік айыппұл тұрағына қойылды.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны