06.12.2007, 16:28 3539

Алматыда жол тораптарының салынуына байланысты бірнеше көше жабылды

Алматыда жол тораптарының салынуына байланысты бірнеше көше жабылды

Алматы. 6 желтоқсан. "Қазақстан Бүгін" - Алматыда төрт жол торабының салынуына байланысты кеше Сәтпаев және Мұқанов көшелері, ал бүгін Райымбек даңғылы бойынша қозғалыс тоқтатылды, деп хабарлайды агенттік Алматы әкімшілігінің ресми органына сілтеме жасап.

Атап айтқанда, Абай-Жандосов- Сәтпаев көшелерінің қиылысындағы жол торабының құрылысы басталды, ол 2008 жылдың 1 -қыркүйегіне дейін салынып бітуге тиіс. Жандосов пен Сатпаев көшелерінің қиылысындағы жобаға сәйкес, эстакада, ал Жандосов пен Мұқановада Абай даңғылының астымен өтетін тоннель салынады. Осыған байланысты кеше Сатпаев көшесі жабылды, жүргізушілер енді жолдың бұл бөлігін Байзақов пен Тимирязев көшелері арқылы айналып өтуге тиіс. Сондай-ақ, Мұқанов, Абай даңғылы мен Құрманғазы көшелерінің аралығы жабылады. "Алайда, жүргізушілер үшін осынау жол тармағының маңыздылығын ескеру негізінде құрылысшылар тек Абай даңғылының солтүстік бөлігін ғана жапты. Екі жақсы қозғалыс оңтүстік бөлігімен жалғасады".

Екінші жол торабы Райымбек - Пушкин - Сүйінбай көшелерінің қиылысында салынады, ол 2008 жылдың 1 тамызында салынып бітуге тиіс. Осыған сәйкес, Райымбек даңғылы арқылы қозғалыс Пушкин және Жангелдин көшелерінің аралығында жабылды. "Егер Жангелдин көшесі ашық болса, онда Пушкин көшесінің шығыс бөлігі жабық деген сөз. Негізгі қозғалыс Сүйінбай арқылы Райымбекке шығады", -деді ақпарат көзі. Құрылыс жұмыстарының екінші кезеңінде Райымбек даңғылы арқылы Фурманов пен Пушкин аралғындағы қоғалыс жабылады. Құрылыстың соңғы сатысында Сүйінбай даңғылы Райымбек пен Новосельская көшелерінің аралығында жабылады.

Сонымен бірге, Райымбек пен Розыбакиев көшелерінің қиылысындағы жол торабы жабылды. Жоспар бойынша ол келесі жылдың 1 шіллесіне дейін пайдалануға берілуге тиіс. Осыған сәйкес, Райымбек даңғылының солтүстік беті арқылы Тургут Озал көшесі мен "Поршень" зауыты аралығындағы бөлік жабылды. Екінші кезеңде Райымбек даңғылының оңтүстік бетімен жүретін қозғалыс жабылады.

Ақпарат көзінің хабарлауынша, автокөлік қозғалысы жабылған Сатпаев, Мұқанов көшелері мен Райымбек даңғылдарына параллель жатқан көшелер арқылы өтеді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны