07.10.2009, 12:23 1391

Алматыда жолаушылар автобусының өзенге құлауына жүргізушінің жол қозғалысы ережелерін бұзуы мен алаңғасарлығы себеп болған - жол полициясы

Алматыда жолаушылар автобусының өзенге құлауына жүргізушінің жол қозғалысы ережелерін бұзуы мен алаңғасарлығы себеп болған - жол полициясы

Алматы. 7 қазан. Kazakhstan Today - Алматыда жолаушылар автобусының өзенге құлауына, алдын-ала мәліметке сәйкес, жүргізушінің жол қозғалысы ережелерін бұзуы мен алаңғасарлығы себеп болған, деп хабарлайды Kazakhstan Today Алматы жол полициясы басқармасының хабарламасына сілтеме жасап.

"Алдын-ала мәліметке сәйкес, оқиғаға жүргізушінің қозғалыс кезінде қатарды ұстамауы мен көліктер арасындағы қашықтықты сақтамауы себеп болған. Сонымен қатар жүргізушінің аңғалдығы да әсер еткен", - деп хабарлайды жол полициясындағылар.

Жол полициясының мәліметінше, №82 бағытта қатынайтын автобуста ақау болмаған.

"Автобуста тоғыз жолаушы болған, екеуі ауруханаға жатқызылды, қалғандарын оқиға болған жерде қарап, үйлеріне жіберді", - делінген хабарламада.

Бұл оқиғаның мән-жайын жол полициясы басқармасының анықтау бөлімі тексереді.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Алматыда жолаушылар автобусы өзенге құлады.

"Алматы қалалық құтқару қызметі" ҚККК баспасөз қызметінің хабарлағанынжай, "6 қазанда сағат 17.15-те Райымбек даңғылында "Арзан" оптомаркетінің артында Қаскелеңге бет алған жолаушылар автобусы өзенге құлады, қаза тапқандар туралы мәлімет жоқ", - деп хабарлайды құтқару қызметіндегілер.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны