09.10.2015, 16:28 4393

Алматыда "Жолда қабылдау" республикалық акциясы өтіп жатыр

Бүгін Алматыда дәстүрлі "Жолда қабылдау" республикалық алдын алу акциясы басталды. Ол әр үш ай сайын өтіп тұрады

Алматы. 09 Қазан. Kazakhstan Today - Бүгін Алматыда дәстүрлі "Жолда қабылдау" республикалық алдын алу акциясы басталды. Ол әр үш ай сайын өтіп тұрады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"Бұл шараныӊ мақсаты - азаматтарымыздыӊ әр түрлі сала бойынша құқықтық сауатталығын арттыру. Сол үшін бүгін осы акция аясында Алматы қаласы бойынша бес муниципалдық автобус халық көп шоғырланатын жерлерге қойылды. Ирбір автобуста жол полициясыныӊ өкілі, жергілікті учаскелік инспектор, заӊгер, "Нұр Отан" партиясыныӊ Алматы қалалық филиалы мен аудандық әкімдіктіӊ өкілдері және жаӊа электронды билеттендіру жүйесі бойынша маман жұмыс істейді. Олар өздеріне қатысты қандай да бір мәселемен келген азаматтардыӊ сұрақтарына жан-жақты жауап береді. Егер жауап бере алмасақ, онда сұрақты жазып алып, кейін жауап дайын болған соӊ, оны азаматқа телефон арқылы немесе "Нұр Отан" партиясыныӊ Алматы қалалық филиалыныӊ қоғамдық қабылдауына шақырып айтатын боламыз", - деді өз сөзінде "Нұр Отан" партиясы Алматы қалалық филиалыныӊ Қоғамдық қабылдау бөлімініӊ меӊгерушісі Нұрланбек Ижібаев, деп хабарлайды inform.kz тілшісі.

Сонымен қатар, ол азаматтардыӊ мамандарға көп жағдайда құқықтық мәселелер бойынша жүгінетіндігін жеткізді.

"Егер тәжірибеге сүйеніп айтар болсақ, азаматтар көбінесе құқықтық мәселелер бойынша жүгінеді. Мысалы, жол-көлік апаты, жол қозғалысы ережесініӊ бұзылуы, жер, пәтер және сот мәселесі бойынша сұрақтар қояды. Бізде ешқандай сауал жауапсыз қалмайды", - деді Н. Ижібаев.

Айта кетелік, бұған дейін өткізілген акция барысында Алматы қаласыныӊ үш ауданы қамтылған болатын. Бұл жолы барлық сегіз аудан қамтылып отыр. Осы мақсатта бес муниципалдық автобус сыртына "Жолда қабылдау" деп жазылған ақпараттық плакатпен рәсімделді. Олардыӊ бірі Иуезов және Алатау аудандары бойынша - "Магнум" сауда үйініӊ маӊына, екінші автобус Бостандық ауданы бойынша - "Атакент" іскерлі орталығы, үшінші автобус Жетісу ауданы бойынша "Адем" сауда үйі, төртінші автобус Медеу және Алмалы аудандары бойынша Пушкин мен Мақатаев көшелерініӊ қиылысына және бесінші автобус Наурызбай ауданы әкімдігініӊ маӊына қойылды. Шара бүгін кешкі сағат 17:30-ға дейін жалғасады.

Ұйымдастырушылардыӊ айтуынша, бүгін кешке қарай 1000-нан аса адам "Жолдау қабылдау" акциясына қатысады де күтілуде. Ал жыл басынан бері Алматыда 3000-нан астам адам жүгінген.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны