11.01.2016, 17:04 4242

Алматыда жолға таласып жаға жыртысқандар ұсталды

Сейфулин мен Жансүгіров көшелерініӊ қиылысында жолға таласқан жүргізушілер өзара төбелескен видео ғаламторға жарияланған еді. Жанжал артта келе жатқан көліктіӊ видеотіркеуішіне түсіп қалған

Алматы. 11 қаӊтар. Kazakhstan Today - Сейфулин мен Жансүгіров көшелерініӊ қиылысында жолға таласқан жүргізушілер өзара төбелескен видео ғаламторға жарияланған еді. Жанжал артта келе жатқан көліктіӊ видеотіркеуішіне түсіп қалған, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Видео авторыныӊ айтуынша, артқы көліктен түскен 4 жігіт өзге көліктегі екі жігітті жерге құлатып алып, соққыға жыққан. Олардыӊ бірі сол жерде ес-түссіз қалған.

Қалалық ІІД болған оқиғаға қатысты түсініктеме берді. Жетісу аудандық ІІБ басшысы Рамиль Түсіповтыӊ айтуынша, бұл оқиға бойынша ҚР ҚК 293 бабыныӊ 2 бөлімімен (бұзақылық) тергеу жүріп жатыр, деп хабарлайды inform.kz тілшісі.

Қазіргі таӊда оқиғаға қатысты төрт жігіт ұсталған.

"Бұл қылмыс туралы әлеуметтік желілерден білдік. "102" нөміріне ешқандай арыз келмеді. Анықталғандай, екі көлік біріне бірі жол бермеген. Оныӊ арты төбелеске ұласып, салдарынан бір адам қатты соққыға жығылған. Қазір жапа шеккен адам арызданды", - деді Жетісу аудандық ІІБ басшысы Рамиль Түсіпов.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны