04.06.2009, 15:32 3203

Алматыда жұмыссыздарға арнап мамандар дайындау және қайта дайындауға бағытталған ақысыз қысқа мерзімді дәрістер ұйымдастырылуда

Алматыда жұмыссыздарға арнап мамандар дайындау және қайта дайындауға бағытталған ақысыз қысқа мерзімді дәрістер ұйымдастырылуда

Алматы. 4 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Алматыда жұмыссыздарға арнап мамандар дайындау және қайта дайындауға бағытталған ақысыз қысқа мерзімді дәрістер ұйымдастырылуда, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігі қалалық әкімдіктің хабарламасына сілтеме жасап.

"Алматыда бюджет қаржысының есебінен еңбек нарығында қажеттілік бар жұмысшы мамандықтар бойынша қысқа мерзімді дайындық дәрістері өткізілуде. Қайта оқуға жұмысынан босап қалғандар, оралмандар, жұмыссыздар және мақсатты топтарға қамтылған басқа да тұлғалар қамтыла алады", - делінген хабарламада.

"Қысқа мерзімді мамандар дайындау және қайта дайындауға бағытталған дәрістер ағымдағы жылдың мамыр айы мен желтоқсан айлары аралығында қаладағы 10 мемлекеттік кәсіптік лицей мен 3 колледждің базасында өткізіледі. Оқу мерзімі - 3 ай. Дәріске қатысушыларға дайындау және қайта дайындау мерзімінде ай сайын 7,5 мың теңге көлемінде әлеуметтік шәкіртақы (әлеуметтік топтама) төленеді. Оқу аяқталған соң мемлекеттік үлгідегі сертификат беріледі. Сондай-ақ, жұмыспен қамту органдары жұмысқа орналастыруға жәрдемдеседі", -деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны