19.07.2013, 20:11 5045

Алматыда жүрек алмастыру отасы сәтсіз аяқталды

Алматыда жүрек алмастыру отасынан он күн өткеннен кейін науқас қайтыс болды. Бұл жайында Жетінші арна хабарлайды.

Алматы. 19-шілде. Kazakhstan Today - Алматыда жүрек алмастыру отасы сәтсіз аяқталды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Алматыда жүрек алмастыру отасынан он күн өткеннен кейін науқас қайтыс болды. Бұл жайында Жетінші арна хабарлайды.

Марқұм өзінің ауру жүрегін сауына алмастыру үшін 4 жыл күтіпті. Аты-жөні Владимир Белан. Туыстары оны алғашында бұл қадамға барма деп өтінген екен. Өйткені, науқастың тек жүрегі ғана емес, өкпесі де ауруға шалдыққан.

"Ол жаңа жүрегімен бірде-бір рет өздігімен дем ала алған жоқ. Денесіне жалғанған аппараттарды алып тастаған еді ауа жетпей, тұншығып қалды", - дейді Владимирдің әйелі.

В.Белан Қазақстандағы жүрегін алмастырған екінші адам. Оның операциясына Белоруссиядан қосымша дәрігерлер келіп, қазақстандық әріптестеріне көмектесіпті.

"Науқас газ алмасудың бұзылуынан қайтыс болды. Өкпесі бұған шыдас берген жоқ. Дегенмен, жүрегі еш ақаусыз жұмыс істеп тұрған", - дейді Сызғанов атындағы ұлттық ғылыми хирургия орталығы бас директорының орынбасары Ербол Шайхиев.

Владимирдің артында әйелімен бірге үш перзенті қалыпты. Ең кішісі екі жасар қыз.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны