23.09.2009, 17:53 3142

Алматыда журналист әрі құқық қорғаушы Айнұр Құрманов соққыға жығылды

Алматыда журналист әрі құқық қорғаушы Айнұр Құрманов соққыға жығылды

Алматы. 23 қыркүйек. Kazakhstan Today - Алматыда журналист әрі құқық қорғаушы Айнұр Құрманов соққыға жығылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today Халықаралық сөз бостандығын қорғау жөніндегі "Иділ сөз" қорының хабарламасына сілтеме жасап.

"Иділ сөз" қорының ақпаратына сәйкес, "22 қыркүйекте сағат 21.30 шамасында журналист әрі құқық қорғаушы Айнұр Құрмановты өз үйініе кіреберісінде белгісіз біреулер соққыға жығып кеткен".

"Басынан алған ауыр жарақаттармен және қол саусағының зақымымен ол ауруханаға жатқызылды. Дәрігерлер оның жағдайын орташа ауыр деп бағалауда", - делінген хабарламада.

"А. Құрмановтың әріптестерінің пайымдауынша, шабуыл оны қорқыту үшін жоспарланған және оның құқық қорғаушылық және журналист ретіндегі кәсіби қызметімен байланысты", - деп хабарлайды "Иділ сөз" қорындағылар.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны