29.10.2015, 11:27 3719

Алматыда журналист Бота Жұмановаға шабуыл жасаған ер адам екі айға қамалды

Алматы соты журналист және блогер Бота Жұмановаға шабуыл жасап, оны соққыға жыққан ер адамды екі айға қамады, деп хабарлады қалалық соттыӊ баспасөз қызметінен

Алматы. 29 Қазан. Kazakhstan Today - Алматы соты журналист және блогер Бота Жұмановаға шабуыл жасап, оны соққыға жыққан ер адамды екі айға қамады, деп хабарлады қалалық соттыӊ баспасөз қызметінен, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"Ағымдағы жылы 28 қазанда Алматы қаласы Алмалы аудандық сотыныӊ тергеу судьясы ҚР ҚК 24 бабы 3 бөлімі, 191 бабы 2 бөлімі 1 тармақшасындағы қылмыс бойынша күдікті 1993 жылы туған О.С.Мырзаханға қатысты 2 айға қамауға алу бұлтартпау шарасын санкциялады", - делінген хабарламада, деп хабарлайды inform.kz тілшісі.

Еске сала кетейік, 8 қазанда белгісіз біреу Б.Жұмановаға оныӊ үйініӊ кіре берісінде шабуыл жасап, соққыға жыққан. 26 қазанда полиция Алматы облысы Жаркент қаласыныӊ тұрғынын қолға түсірді. Ұсталған әйел адамды тонау мақсатымен шабуыл жасағанын айтты. Алайда, журналистіӊ көршілері кедергі жасағандықтан, қаскөй ойын жүзеге асыра алмаған.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны