23.04.2008, 19:16 3513

Алматыда жүзден астам ұлттар мен ұлыстар еңбек етіп, өмір сүріп жатыр

Алматыда жүзден астам ұлттар мен ұлыстар еңбек етіп, өмір сүріп жатыр

Алматы. 23 сәуір. - Алматыда жүзден астам ұлттар мен ұлыстар еңбек етіп, өмір сүріп жатыр. Бұл туралы бүгін Алматы қаласы әкімдігінде Алматы қалалық Қазақстан халқы кіші ассамблеясының XIII сессиясының отырысында Алматы қаласы әкімінің орынбасары, Қазақстан халқы кіші ассамблеясы төрағасының орынбасары Серік Сейдуманов айтты, деп хабарлайды әкімдіктің баспасөз қызметі.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, С.Сейдуманов "Алматы қаласы Қазақстан халықтары кіші Ассамблеясының бірінші кезектегі және болашақтағы міндеттері" деген тақырыпта баяндама жасап, оңтүстік астанада жүзден астам ұлттар мен ұлыстардың еңбек етіп, өмір сүріп жатқандығын айтты.

"Алматыдағы Қазақстан халықтары кіші ассамблеясының құрамында 30 ұлттық - мәдени орталықтар бар. Ұлттық - мәдени орталықтарда 22 көркем өнер ұжымдары жұмыс істейді. Бұлардың барлығы қаланың мәдени өміріне айтарлықтай үлес қосып келеді. Алматыда орыс, неміс, корей, ұйғыр театрлары ойдағдай жұмыс істейді. Мемлекеттік қолдаудың арқасында оңтүстік астанада 4 ұлттық газет, 2 журнал шығады. Телеарнадан 5 тілде, радиодан 7 ұлттық тілде хабар таратылады. Алматының 48 жоғарғы оқу орнында 220 000 түрлі ұлт студенттері оқиды. Олардың барлығы кіші Ассамблеямен тығыз байланыста",- деді әкімнің орынбасары.

Қазақстан халқы кіші ассамблеясының XIII сессиясының отырысын қала әкімі А. Есімов ашып , этникалық ынтымақтастықта халықтар ассамблеясының бүгінгі әлемде зор маңызға ие болып отырғандығын ерекше атады.

"Қазақстанда мемлекетіміздің ішкі тұрақтылығын қаматамасыз етуде ұлтаралық келісімнің мол тәжірибесі жинақталған. ҚР парламентіне Қазақстан халықтары Ассамблеясы депутаттарыныңы сайлануы ұлтаралық қатынастарды нығайтудың қарышты қадамы болып табылады",- деді ол.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны