03.10.2018, 19:10 4745

Алматыдағы АҚШ Бас консулы ретінде Эрик Майер тағайындалды

Алматыдағы АҚШ Бас консулдығы Америка Құрама Штаттарыныӊ Бас консулы ретінде Эрик Майер мырзаныӊ тағайындалғанын хабарлады. Бас консулдыӊ географиялық өкілдігіне Алматы, Жамбыл, Түркістан, Қызылорда облыстары және Шымкент қаласы кіреді.

Алматы. 3 қазан. Kazakhstan Today - Алматыдағы АҚШ Бас консулдығы Америка Құрама Штаттарыныӊ Бас консулы ретінде Эрик Майер мырзаныӊ тағайындалғанын хабарлады. Бас консулдыӊ географиялық өкілдігіне Алматы, Жамбыл, Түркістан, Қызылорда облыстары және Шымкент қаласы кіреді.

"Алматыдағы Америка Құрама Штаттарыныӊ Бас консулы ретінде қызметімді бастау мен үшін үлкен абырой",- деді Майер мырза. 14 жыл бұрын Майер мырза Алматыға турист ретінде келіп, Қазақстанмен, Алматымен қатты таӊданды, ал бірнеше жылдан кейін жұбайымен қайта оралды. "Мен бірден Қазақстанныӊ бай мәдениетімен, әсерлі табиғатымен, қазақ тамағымен және адамдардыӊ жылы ынтасымен тамсандым".

"Мен Құрама Штаттары мен Қазақстан арасындағы қарым-қатынастарды одан әрі нығайтуын асыға күтемін және де екі жақты қызығушылығы бар мәселелерге, оныӊ ішінде экономикалық өсу, білім беру мүмкіндіктерін кеӊейту, ағылшын тілін үйренуде қолдау көрсету, инновация мен өнер, сондай-ақ мәдени алмасуды ынталандыру сұрақтары бойынша Қазақстан халқымен одан әрі ынтымақтастықты арттыруға дайынмын",- деп ерекше көӊіл аударды АҚШ Бас консулы Эрик Майер.

Сонымен қатар, АҚШ Бас консулы Қазақстанныӊ Орталық Азияда лидерлік рөлін атап өтті. Оған АҚШ-тыӊ бірнеше маӊызды мемлекеттік ұйымдарыныӊ аймақтық бөлімдерініӊ Алматыда орналасқандығы дәлел. Оныӊ ішінде: Аурулардыӊ алдын алу мен бақылау жөніндегі АҚШ орталығы, Орталық Азиядағы АҚШ Коммерциялық кызметініӊ өкілі, Есірткіге қарсы күрес жөніндегі басқарма және ЮСАИД. Майер мырза бұл "экономикалық өсу, денсаулық сақтау, қауіпсіздік және өзара түсіністікті алға жылжытудағы" мәселелерде Қазақстанныӊ бүкіл аймақта орталық рөлін дәлелдейді.

АҚШ консулы Эрик Мейер АҚШ Мемлекеттік департаментініӊ дипломатиялық қызметінде он жеті жыл бойы жұмыс істеген. АҚШ-тыӊ Алматы қаласындағы Бас консулы лауазымына тағайындалуынан бұрын, Эрик Майер Оӊтүстік және Орталық Азия мәселелері жөніндегі Бюроныӊ Арнайы көмекшісі және Аға кеӊесшісі қызметтерін атқарды. Сонымен қатар, ол Камбоджадағы Пномпень қаласында Бас консул ретінде және Финляндиядағы Хельсинки қаласында консул ретінде қызмет атқарды. Эрик Майер Аргентина және Мысыр мемлекеттерінде де дипломатилық қызмет атқарған. АҚШ-тыӊ Арктикалық кеӊесінде төрағалық етуі кезінде, Эрик Майер Вашингтонда Мұхиттар және халықаралық қоршаған орта мен ғылым мәселелері бойынша бюросыныӊ кеӊесшісі болды.

Мемлекеттік департаментке келуден бұрын, Эрик Майер авиатранспорт индустриясы саласында корпоративтік сату және мемлекеттік органдармен байланыс бөлімдерінде жұмыс атқарған. Майер мырза Берклидегі Калифорния Университетін саясат ғылымдары кандидаты дәрежесімен аяқтады. Сонымен қатар, ол Джорджтаун Университетініӊ бизнес-әкімшілік магистрі (MBA) дәрежесін алды. Ол дания, француз, кхмер, орыс және испан тілдерінде сөйлейді. Эрик Майер үйленген және екі қызы бар.

"Мен отбасыммен бірге Қазақстанныӊ оӊтүстігін жаӊадан ашып, оныӊ аймағын зерттеп, мәдениетімен және адамдарымен танысуға асыға күтемін",- деді АҚШ Бас консулы Майер.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны