06.02.2007, 14:16 3078

Алматыдағы "алтын квадрат" тұрғындары аштық жариялауды жалғастыруда, шараға қатысушы үш адамға медициналық көмек көрсетілді

АЛМАТЫ. 6-ақпан. Kazakhstan Today. Бүгін Алматыдағы "алтын квадрат" тұрғындары наразылық шараларын жалғастыруда, аштық жариялауға қатысушы үш адамға медициналық көмек көрсетілді, деп хабарлады Kazakhstan Today агенттігінің тілшісіне "Өз үйімізді қорғайық" қоғамдық бірлестігінен. "Дәрігерлер Оспанова Шынарға қан қысымына байланысты ауруханаға жатуға кеңес берді. Михайлова Марина мен Қылдиярова Ғалиядан да қан қысымының күрт өзгеруі анықталды",- деп хабарлады агенттік тілшісіне шараға қатысушылар. Марина мен Ғалияға жедел жәрдем бригадасын кеше кешке және бүгін таңертең, екі рет шақыруға тура келді.

АЛМАТЫ. 6-ақпан. Kazakhstan Today. Бүгін Алматыдағы "алтын квадрат" тұрғындары наразылық шараларын жалғастыруда, аштық жариялауға қатысушы үш адамға медициналық көмек көрсетілді, деп хабарлады Kazakhstan Today агенттігінің тілшісіне "Өз үйімізді қорғайық" қоғамдық бірлестігінен.

"Дәрігерлер Оспанова Шынарға қан қысымына байланысты ауруханаға жатуға кеңес берді. Михайлова Марина мен Қылдиярова Ғалиядан да қан қысымының күрт өзгеруі анықталды",- деп хабарлады агенттік тілшісіне шараға қатысушылар. Марина мен Ғалияға жедел жәрдем бригадасын кеше кешке және бүгін таңертең, екі рет шақыруға тура келді.

Соған қарамастан, әйелдер шара өткізіліп жатқан жерден кетуден бас тартып отыр. Тек қана, 69 жастағы Мэлс Метов аштық жариялауын тоқтатты. "Біз оның аштық жариялауды тоқтатуын талап еттік",- деп түсіндірді шараға қатысушылар.

Сонымен, бүгінгі күні аштық жариялау шарасын сегіз адам жалғастыруда. Сондай-ақ, олар "Модуль Инвест" құрылыс салушы компания өкілдерінің кеше кешке берген сұхбатында аудан тұрғындарының барлығымен келісім жасалды, деген мәлімдемелеріне ашулы. "Не талап етіп отырғандары белгісіз екі адам қалды",- деді ол. Осыған байланысты шараға қатысушылар "Алматыжер" мен "Модуль Инвест" компаниясының өкілдерін ашық әңгімеге шақырмақ. "Қазір "Өз үйімізді қорғайық" бірлестігінде осыған байланысты хат дайындалуда",- деді шараны ұйымдастырушылар.

Наразылық білдірушілер әзірге қала басшылары тарапынан ешқандай шара қолданылмай отырғандығын хабарлады. "Өз үйімізді қорғайық" қоғамдық бірлестігінің ақпараттарына сүйенсек, кеше аштық жариялаушыларға тек аудан әкімі ғана келіп кеткен. "Көремін, жоғарғы жаққа баяндаймын",- деді шенеунік.

Бұрын хабарлағанымыздай, дүйсенбі, 5-ақпанда қаланың ортасындағы үйлері бұзылатын Алматының тоғыз тұрғыны мерізімсіз аштық жариялауды бастаған. Аштық жариялаушылар тәркіленетін ғимараттардың иелері мен тұрғындарға қатысты сот процестерін тоқтатуды, жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп тәркілеу туралы сот шешімдерінің күшін жоюды, тұрғын үй иелері мен кеңсе иелерінің өз құқықтарын қорғау үшін адвокаттық қызмет көрсетуге, заңдық кеңеске жүгінген шығындарының орнын толтыруды талап етуде. Сонымен қатар, шараға қатысушылар сәулетті және тарихи құнды Алматының тарихи орталығын сақтап қалуды талап етуде.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны