05.02.2007, 13:42 2958

Алматыдағы "алтын квадрат" тұрғындары мерізімсіз аштық жариялады

АЛМАТЫ. 5-ақпан. Kazakhstan Today. Қаланың ортасында орналасқан тұрғын үйлері бұзылатын Алматы тұрғындары, бүгін мерізімсіз аштық жариялады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі оқиға орнынан.

"Қазіргі уақытта тоғыз адам аштық жариялап жатыр. Акцияға үйлері бұзылатын тұрғындар мен кәсіпкерлердің барлығы да қатыса алмай отыр, себебі олардың арасында көбі қартаң адамдар, біз олардың аштық жариялау шарасына қатысуға жол бермей отырмыз",- деді агенттік тілшісіне кеңсесі "алтын квадратта" орналасқан "Рентур" туристік агенттігінің өкілі Анна Стернина.

Аштық жариялау бүгін 11.00-де Шевченко көшісінің 64-үйінде орналасқан "Блейд" компьютерлік клубының жартылай жертөле ғимаратында басталды. Аштық жариялаушылар басшылардың өздерінің талаптарын қанағаттандырмайынша, алған беттерінен қайтпайтын ниетте.

Аштық жариялаушылар тәркіленетін ғимараттардың иелері мен тұрғындарға қатысты сот процестерін тоқтатуды, жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп тәркілеу туралы сот шешімдерінің күшін жоюды, тұрғын үй иелері мен кеңсе иелерінің өз құқықтарын қорғау үшін адвокаттық қызмет көрсетуге, заңдық кеңеске жүгінген шығындарының орнын толтыруды талап етуде. Сонымен қатар, шараға қатысушылар сәулетті және тарихи құнды Алматының тарихи орталығын сақтап қалуды талап етуде.

"Біз қала әкімі мен "Модуль-Инвест" ЖШС - құрылыс салушыларды хабардар еткенбіз. Кеше құрылыс салушылармен кездестік, бірақ ол ешқандай нәтиже бермеді. Олар қазір бізге бір - бір жарым жыл бұрын сұраған төлемақыны ұсынып отыр", - деді А. Стерина.

Қазіргі уақытта қаланың билік өкілдері аштық жариялаған азаматтарға ешқандай көңіл аудармай отыр. А. Стернинаның айтуынша, таңертеңнен бастап олардың үйінің маңайында 10 полицей жүр.

Аштық жариялап отырғандардың барлығының да отбасы мен балалары бар. Аштық жариялаушылар 30-бен 70 жас аралығында.

Абылай хан - Панфилов - Құрманғазы - Шевченко көшелерінің ортасында орналасқан үйлер 1937 жылы ату жазасына бұйырылған, атақты сәулетші Зелкензонның жобасымен салынған. Бұл А. Зенковтан кейінгі Алматының бірегей сәулетшісі жасаған жобалар. Мамандар үйі деп аталатын бұл үйлерде тек Қазақстанға ғана емес, әлемге әйгілі ғалымдар, өнер және мәдениет қайраткерлері тұрған. Осы үйлерде тұрғандарыдың 109-ы қуғын-сүргінге ұшырап, олардың 5-і ату жазасына бұйырылған. Олардың ішінде Ілияс Жансүгіров, Бейімбет Майлин де бар.

2005 жылы аудан тұрғындары оның құндылығын дәлелдеп, нәтижесінде үйлерді бұзу туралы қаулының күші жойылған болатын. Бірақ, бір жылдан кейін бұл аудан тарихи орталық мәртебесінен қайтадан айрылып отыр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны