27.01.2016, 20:46 4107

Алматыдағы балабақшалар құны екі есе төмендейді

Алматы қалалық мәслихатыныӊ 50- ші сессиясында депутаттар мемлекеттік бала бақшаға баратын бір бала үшін төленетін ақы құнын 15 мыӊ теӊгеден асырмау жөнінде қаулы қабылдады, деп хабарлады қала әкімдігі

Алматы. 27 қаӊтар. Kazakhstan Today - Алматы қалалық мәслихатыныӊ 50- ші сессиясында депутаттар мемлекеттік бала бақшаға баратын бір бала үшін төленетін ақы құнын 15 мыӊ теӊгеден асырмау жөнінде қаулы қабылдады, деп хабарлады қала әкімдігі, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Естеріӊізге сала кетейік, "Нұр Отан" партиясыныӊ АҚФ-ныӊ депутаттар фракциясы 2016 жылдыӊ 22 қаӊтарында қаладағы мемлекеттік бала бақшаларды шаруашылық есептен мемлекеттік тапсырысқа көшіру туралы бастама көтерген еді. Осылайша, биылғы жылдыӊ 1 ақпанынан бастап екі жастан бес жасқа дейінгі мемлекеттік бала бақшаға баратын 17 000 бүлдіршін үшін тек тамақтану құны ғана төленетін болады. Бұл үшін жергілікті бюджеттен өткен жылдыӊ қорытындысы бойынша үнемделген қаржыдан 3 млрд.теӊгеге жуық қаржы бөлінеді, деп хабарлайды strategy2050.kz тілшісі.

"Бізде тұрмысы төмен жандардыӊ проблемаларын шешу мүмкіндіктері бар. Сондықтан бүгін бала бақшалар құнын өсірудіӊ орнына біз 17 мыӊ бүлдіршінніӊ құнын төмендетіп отырмыз, осыныӊ арқасында әрбір отбасы 20 мыӊ теӊге көлемінде қаржысын үнемдейтін болады", - деді сессия барысында Алматы әкім Б.Байбек.

Бұдан өзге, мемлекеттік бала бақшада жұмыс істейтін әрі 48 мыӊ теӊге көлемінде орташа жалақы алатын 3 360 тәрбиешіге 30% қосымша ақы төленетін болады.Бұл шаралардыӊ барлығы ҚР-ныӊ Президенті Н. И. Назарбаевтыӊ Жолдауында әлеуметтік аз қорғалған жандарға қолдау көрсету туралы айтқан тапсырмасы аясында жүзеге асып отыр.

Бюджеттік комиссия 2015 жылы үнемделген қаржы есебінен бірқатар әлеуметтік маӊызы бар шаралар үшін 5,3 млрд.теӊге бөлуді қарастырды. Атап өтерлік жайт, өткен жыл 18 млрд. теӊге өсіммен аяқталды.

"Илеуметтік аз қорғалған жандар үшін әлеуметтік нан құныныӊ өсуіне қатысты 59 млн. теӊге көлемінде қаржы бөлініп отыр, азаматтардыӊ осы категориясыныӊ көлік дотациясы да қарастырылған, яғни алматылық жолаушы тасымалдаушылар үшін 2 млрд.теӊге көлемінде қаржы бөлінетін болады. Осылайша, 2016 жылдыӊ 1 наурызынан бастап 4,5 мыӊ мүгедек бала, 23 мыӊ 1 және 2 топ мүгедектері, көзі нашар көретін жандар, 12 мыӊ ҰОС-на қатысушылар мен бұларға теӊелген мүгедектер, 50 пайыз жеӊілдік алатын 18 жасқа дейінгі 4 және одан да көп балалары бар аналар қоғамдық көлікте тегін жүретін болады, 202 мыӊ оқушыға бағасы 1000 теӊгелік, 200 мыӊ зейнеткер мен 7,5 мыӊ көп балалы аналар үшін құны 2000 теӊгелік, ал 202 мыӊ студенттер үшін бағасы 3000 мыӊ теӊгелік жол жүру билеттері қайтадан пайдаланылады", - деп атап өтті Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасыныӊ басшысы Мақсат Қиқымов.

Жеӊілдетілген жол ақысы билеттерін алу үшін аталған категориядағы азаматтар қала аудандары әкімдіктерініӊ әлеуметтік қорғау бөлімдеріне барып, өтініштерін берулері тиіс.

Сонымен қатар, Алматы қаласыныӊ 2020 жылға дейінгі даму Бағдарламасына сәйкес азаматтардыӊ өтініштері бойынша қаланыӊ кейбір бөліктеріндегі көлік бекеттері жоқ екендігі жөніндегі мәселе де шешімін табатын болады. Олардыӊ ЖСҚ-ын дайындау үшін бюджеттен 600 мыӊ қарастырылды. Аталған Бағдарлама аясында Алматыныӊ көлік моделін жасау да қолға алынады, мұнда жол қозғалысыныӊ кешенді схемасы, көлік легін тиімді пайдалану және басқа да жол- көлік жүйесіне қатысты маӊызды мәселелер қарастырылған. Осыған орай, аталған схеманы жасау үшін 300 млн.теӊге бөлінеді.

Мәжіліс барысында Гагарин атындағы балалар кітапханасына күрделі жөндеу жүргізу үшін 28 млн.737 мыӊ теӊге, "Самал" пансионатын жөндеуге 6 млн.471 мыӊ теӊге, екі бала бақшаға жеӊіл инвентарь, мебель- ыдыс аяқ басқа да керек заттар алу үшін 11млн. 688 мыӊ теӊге бөлінетін болды.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны