09.04.2013, 17:45 3481

Алматыдағы "барахолка" саудагерлері наразылық білдіруде

Саудагерлер "Ұлыгер", "Арал", "Аягөз", "Дәстүр" және "Адам" базарларында өз сауда орындарының жабылуына наразы. Ағымдағы жылдың қаңтар айында өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтамаған бірнеше базардың жұмысын тоқтату туралы сот шешімі шыққан болатын.

Алматы. 9-сәуір. Kazakhstan Today - Алматыда "барахолкадағы" бірнеше базардың жұмысын тоқтату туралы сот шешіміне қатысты саудагерлер наразылық білдіруде, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Саудагерлер "Ұлыгер", "Арал", "Аягөз", "Дәстүр" және "Адам" базарларында өз сауда орындарының жабылуына наразы. Ағымдағы жылдың қаңтар айында өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтамаған бірнеше базардың жұмысын тоқтату туралы сот шешімі шыққан болатын.

"Алматыдағы төтенше жағдайлар департаменті өрт қауіпсіздігі ережереінің бұзу фактілерінің көзін жою туралы бірнеше рет ескерту бергеніне қарамастан, саудагерлер қауіпсіздік ережелерін сақтамаған. Соның нәтижесінде ТЖД сотқа шағым түсірді де, сот шешімі бойынша кешеден бастап сот орындаушылары базардарды жабу ісіне кірісті", - деді әкімнің баспасөз хатшысы С.Куянов.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны