12.06.2008, 18:52 3089

Алматыдағы барлық мектептердің сейсмикалық төзімділігін арттыру үшін 100 жыл уақыт қажет

Алматыдағы барлық мектептердің сейсмикалық төзімділігін арттыру үшін 100 жыл уақыт қажет

Алматы. 12 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Алматыдағы барлық мектептерді сейсмикалық төзімділігін арттырып болғанша 1 ғасыр уақыт кетеді. "ҚР Алматы қаласындағы жер сілкінісі қаупін басқаруды зерттеу" атты халықаралық семинардың барысында Қазақ мемлекеттік жер сілкінісіне төзімді құрылыс пен сәулет ғылыми-зерттеу және жобалық-тәжірибелік институтының директоры Марат Ишімбаев осындай мәлімдеме жасады, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

"Алматыда жылына 3-4 мектеп күшейтіледі. Ал қаладағы мектептердің саны 300-ден асады. Ауруханалар мен балабақшалардың жағдайы да осы тәріздес. Ал Алматы облысының жағдайы тіптен нашар. Ондағы мектеп саны 800. Соған қарамастан жылына бар-жоғы 3 мектеп күшейтіледі", - деп мәлімдеді М. Ишімбаев.

Ол әлеуметтік-маңызы бар нысандардың төзімділігін арттыру мәселесін әрі қарай мемлекеттік билік органдарына жөнелту үшін семинардың резолюциясына жазып қоюды ұсынды. "Төзімділігі төмен ғимараттар не бұзылуы керек, не күшейтілуі керек. Біз бұны неғұрлым жылдам жасасақ, соғұрлым аз шығын тартамыз. Мысалы, Өзбекстанды алайық. Онда бүкіл республика бойынша мектептердің төзімділігін арттыру бағдарламасы жасалынды. Және бірнеше жылдың ішінде олар мектептердің жартысын күшейтіп үлгерді. Ал олардың мектептерінің саны біздікінен әлдеқайда көп екені белгілі", - деді ол.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны