30.04.2007, 16:16 6608

Алматыдағы бірқатар қоғамдық ұйымдар үкіметті қаладағы тұрғын үй коммуналдық шаруашылығының тауқыметтерін шешуге атсалысуға шақырады

АЛМАТЫ. 30-сәуір. Kazakhstan Today. Алматыдағы бірқатар қоғамдық ұйымдар үкіметті қаладағы тұрғын үй коммуналдық шаруашылығының тауқыметтерін шешуге атсалысуға шақырады, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

"Үкімет қандай жағдайда да тұрғын үй коммуналдық шауашылығының тауқыметтерін шешуге атсалысуға тиіс, баспана тұрғысынан да, жағдай біршама ушығып тұрған жылу, су мен электр қуатын сатушыларға қатысты проблемаларды шешуге де бірдей қатысуға тиіс",- деп мәлімдеді Алматы қалалық қоғамдық антимонополиялық комитетінің төрағасы Петр Своик. "Үкімет қазір реформалар аяқталды, енді біздің ешбір тауқыметке қатысымыз жоқ, тұрғындар өз тауқыметтерін өзі шешсін деген ұстанымда отыр. Мұндай жағдай әлеуметтік жағынан теріс болумен бірге, іс жүзінде мүлдем тиімсіз", деп санайды ол.

Алматыдағы бірқатар қоғамдық ұйымдар қаланың тұрғын үй коммуналдық шаруашылығының тауқыметтерін тұрғын үй қорының ахуалымен және оның проблемаларымен арнайы айналысатын мемлекеттік мекеменің жоқтығымен байланыстырады.

"Тұрғын үй коммуналдық шаруашылығының тауқыметтерімен шұғылданатын үкіметте арнайы уәкілетті орган жоқ", деді "Алматы қалалық Пәтер иелері кооперативтері төрағаларының лигасы" қауымдастығының директоры Римма Гречко. "Қазір тұрғын үй коммуналдық шаруашылығын басқару жүйесі индустрия және сауда министрлігінің қарамағында. Құрылыс немесе баспана мәселесімен байланысы бар бірдеме болса жөн болар еді",- дейді ол.

Р.Гречконың пікіріне П.Своик те қосылады. "Үкіметте бірнеше жеке мекемелер бар. Олар кейбір мәселелердің шет ағасын ғана шешеді. Ал ахуалды біртұтас білетін ешкім жоқ",- деді ол.

П.Своиктің айтуынша, қаладағы тұрғын үй қорының проблемаларын шешу үшін "тұрғын үй коммуналдық шаруашылығын өз аясында реформалап, қазірде нарық ахуалына жауап бере алмай, әкімшілік нормалау деңгейінде қалып қойған тарифтік саясатты қайта қарау қажет".

Баспасөз мәслихатына қатысушылардың ақпаратына сәйкес, Алматыдағы тұрғын үйлердің шатырлары, тоқсатылары, жертөлелері, жалпы үй желілері мен аулаларды жөндеу үшін 450 млрд теңге қажет. "Аайда, тұрғындарда мұндай ақша жоқ",- деді П.Своик. Қоғамдық ұйымдардың өкілдері "үкімет тұрғын үй коммуналдық шаруашылығын ұстау шығындарының бір бөлігін өз мойнына алуға тиіс" деген пікір білдірді.

Олай болмаған жағдайда "Алматыда халықтың әлеуметтік таптарға жіктелу құбылысы одан әрі жалғасып, көп қабатты панельден тұрғызылған үйлердің кейпі кетіп, қызметтердің құны механикалық заңмен өсе түскенімен, сапасы нашарлай бермек. Өйткені, тот басқан желілермен үнемдеу немесе сапа туралы сөз қозғау қисынға келмейді",- деді П.Своик.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны