08.06.2007, 18:43 3154

Алматыдағы бұзылуға тиіс үй қасақана өртелген - газет

АЛМАТЫ. 8 - маусым. Kazakhstan Today. Алматыдағы бұзылуға тиіс үй 28-нен 29-сәуірге қараған түні қасақана өртелген, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі "Караван" апталығына сілтеме жасай отырып.

Басылымның жазуынша, бұл деректі жүргізілген сараптама растап отыр. "Сарапшылар бір ай бойы жұмыс істеді, оқиғаның куәгерлеріне сұрау жүргізіп, дәлелдер іздеді",- деп айтылған газетте. Алматы қалалық өрт сөндіру департаментінің аға анықтаушысы Павел Крыловтың айтуынша, "қасақана өртеу іздері үш жерден табылып отыр: екеуі екінші қабатта орналасқан пәтерден және шатырдың астынан".

"Үй тұрғындары Медеу АІІБ-не мұқият тергеу жүргізу, үйді қасақана өртеуге тапсырыс беруші мен өртеген адамды тауып, қылмыстық іс қозғау туралы арыз жазған болатын",- деп атап өткен газетте.

Бұрындары хабарлағанымыздай, екі қабатты үйде 28-нен 29-шы сәуірге қараған түні өрт шыққан. Куәгерлердің айтуынша үйдің шатыры екі-үш жерден өртенген. Нәтижесінде үйдің шатырының 300 шаршы метр алаңы өртеніп, бірнеше пәтер қатты зардап шеккен. Үйлері өртенгендер сол кезде-ақ мұның қасақана қойылған өрт екендігін айтқан болатын. Және де оған "Alan realty" ЖШС, әкімшілік пен "Алматыжер" МКК кінәлаған болатын.

Олар "Қызмет көрсету нысандары бар әкімшілік-тұрғын үй кешенін салу мақсатында мемлекеттік қажеттілік үшін жер телімін тәркілеу туралы" хабарландыру хатын "Алматыжердің" инспекторынан бір жыл бұрын, 2006 жылдың сәуірінде алған. Ұсынылған өтеммақы тұрғындарды қанағаттандырмаған.

Кейінірек Медеу ауданының әкімі Василий Крылов үй тұрғындарына құрылыс салушы компанияның ұсынып отырған "Ақсай" ықшамауданындағы жаңа пәтерлерге көшуді сұраған. Бірақ тұрғындар әкімнің ұсынысынан бірауыздан бас тартқан болатын.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны