07.08.2018, 16:53 6181

Алматыдағы Достық үйінде ҚР "Медиация туралы" заӊы күшіне енген күнге орай ашық есік күні болып өтті

Акция барысында ассамблея медиаторлары ниет білдірген азаматтардыӊ барлығына ақыл-кеӊестер берді және тегін түрде медиациялық келісімдерге отырды.

Алматы. 7 тамыз. Kazakhstan Today - Алматыдағы Достық үйінде ҚР "Медиация туралы" заӊы күшіне енген күнге орай ашық есік күні болып өтті, деп хабарлайды KazakhstanToday "Вечерний Алматы" газетіне сілтеме жасап.

Іс-шараға республикалық және қалалық этномәдени бірлестіктердіӊ басшылары мен белсенділері, Алматы қалалық және аудандық соттарыныӊ, кәсіподақ өкілдері, кәсіби және кәсіби емес медиаторлар, Алматы қаласы прокуратура органдарыныӊ қызметкерлері, медиация орталықтарыныӊ өкілдері, Қазақстан Халқы ассамблеясы құрылымдарыныӊ өкілдері, "Нұр Отан" партиясыныӊ өкілдері және басқалар қатысты.

"Бүгінде қоғамдағы бірқатар оӊды үдерістермен қатар, азаматтардыӊ белгілі бір топтарыныӊ азаматтық-құқықтық мәдениеті деӊгейініӊ төмендеу ағымы байқалып отыр. Оған басты себеп -қала тұрғындарыныӊ арасындағы білім деӊгейініӊ, адамгершілік және азаматтық-құқықтық мәдениеті деӊгейініӊ айырмашылығы. Осындай ахуалда даудан мүдделі емес тараптыӊ қатысуымен дауды сотқа жеткізбей реттеудіӊ баламалы нысаны ретінде медиация институтыныӊ маӊызы зор. Бұл жұмысқа Қазақстан Халқы ассамблеясы құрылымдары да белсене аралаып отыр. Айталық, ҚР Президенті жанындағы "Қоғамдық келісім" мекемесініӊ республикалық медиациялық әдістемелік кабинеті Алматыдағы Достық үйіінде орын тепкен. Оныӊ мақсаты Қазақстан Халқы ассамблеясыныӊ қоғамдық және ұлтаралық салада медиация институтын дамытуға саяды",- деді Қазақстан Халқы ассамблеясыныӊ Алматы хатшылығыныӊ басшысы Назар Балғымбаев.

Былтыр мұнда 132 іс, оныӊ ішінде 52 азаматтық, 31 қылмыстық және 49 әкімшілік іс қаралып шешімін тапқан. Биылғы жылдыӊ бірінші тоқсанында 29 іс қаралды. Азаматтық медиацияны дамыту іс-қызметін одан әрі институттандыру мақсатында келесі жылы Алматы әкімдігі аппаратыныӊ "Қоғамдық келісім" мекемесініӊ ресми медиация кабинетініӊ ресми assembly-almaty.kz сайтында жаӊа виртуалды менеджерін құру көзделіп отыр.

Акция барысында ассамблея медиаторлары ниет білдірген азаматтардыӊ барлығына ақыл-кеӊестер берді және тегін түрде медиациялық келісімдерге отырды.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны