15.01.2010, 18:18 4143

Алматыдағы емханаларда 178 учаскелік дәрігер жетіспейді - Денсаулық сақтау басқармасы

Алматыдағы емханаларда 178 учаскелік дәрігер жетіспейді - Денсаулық сақтау басқармасы

Алматы. 15 қаңтар. Kazakhstan Today - Алматыдағы емханаларда 178 учаскелік дәрігер жетіспейді. Бұл туралы қалалық денсаулық сақтау басқармасының бастығы Еркін Дүрімбетов бүгін өткен баспасөз мәслихатында мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

"Бізде мамандар тапшылығы ұдайы байқалады. Исіресе бұл бірінші медициналық-санитарлық көмек көрсету мекемелеріне қатысты. Учаскелік дәрігер-терапевтер, учаскелік дәрігер -педиатрлар тапшы. Және кейбір бір бағытта маманданған дәрігерлер жетіспейді", - деді Е. Дүрімбетов.

Оның айтуынша, 2009 жылы басқарма медициналық университет пен орташа медициналық оқу орындарына 800 маманға тапсырыс берген. "Бір өкінерлігі, жас мамандардың көпшілігі бұл мекемелерге жеткен жоқ. Биыл біз мамандардан айрықша зәрулік көріп отырған жедел жәрдем станцияларына 50 жас маманды қабылдадық", - деді ол.

"Бүгінгі күні бізде 66 педиатр мен 112 учаскелік терапевт дәрігерлер тапшы", - деді басқарма бастығы.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны