24.06.2008, 10:20 1282

Алматыдағы гидрометеорологиялық және сейсмикалық ахуалға 24 маусымға қысқа мерзімді болжам

Алматыдағы гидрометеорологиялық және сейсмикалық ахуалға 24 маусымға қысқа мерзімді болжам

Алматы. 24 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Алматы мен Алматы облысындағы 24 маусымға қысқа мерзімді болжамға сәйкес, гидрометеорологиялық және сейсмикалық ахуал норма деңгейінде сақталады, деп хабарлайды агенттік тілшісі "Алматы қалалық құтқару қызметі" ҚКК ақпаратына сілтеме жасап.

Күн райының болжамына сәйкес, Алматыда көшпелі бұлтты, өткінші жаңбыр жауады, күн күркірейді. Желдің жылдамдығы секундына 0 - 5 метр, найзағай кезінде 8-10 метр. Ауаның температурасы түнде - +22 - +24 0С, күндіз - +31 - +33 0С.

"Қазселденқорғау" МБ ақпаратына сәйкес, сел және көшкін ахуалы тыныш. Есентай және Кіші Алматы өзендеріндегі су шығыны (теңіз деңгейінен 1270 метр биіктікте) - секундына 2,44 текше метрге тең (кіші Алматы өзеніндегі қауіпті деңгей - секундына 12 текше метр, Есентай өзенінде - секундына 19 текше метр), Үлкен Алматы өзенінде (теңіз деңгейінен 1350 метр биіктікте) -секуындына 1,20 текше метр (қауіпті деңгей - секундына 19 текше метр).

Орталық сейсмикалық станция мен "Прогноз" ҒӨК мәліметінше, сейсмикалық ахуал да тыныш.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны