17.07.2018, 22:14 4096

Алматыдағы International Mountain Sports Festival халықаралық тау фестивалі белсенді демалысты сүйетін жандардыӊ басын қосады

Халықаралық тау және спорт фестивалі қазақстандық эстрада жұлдыздары қатысуымен өтетін мерекелік концерттен кейінгі салтанатты жабылу рәсімімен тәмамдалады.

Алматы. 18 шілде. Kazakhstan Today - 20-22 шілдеде Алматы қаласы маӊындағы Шымбұлақ тау шаӊғы курортында ІІІ Халықаралық тау және спорт фестивалі өтеді. Іс-шара қысқа мерзім ішінде қазақстандық және шетелдік туристер, спорт жанкүйерлері, белсенді демалыс және салауатты өмір салтын ұстанушылар арасында танымалдылыққа ие болып үлгерді. Фестиваль ұйымдастырушысы - Алматы қаласыныӊ әкімдігі, ал іс-шараныӊ қонақтары қатарында белгілі медиа-тұлғалар, мегаполис әкімшілігініӊ өкілдері, спортшылар, қала тұрғындары, сондай-ақ, Қазақстанныӊ басқа өӊірлерінен және шетелдерден келген қонақтар бар, олар фестивальге бастан-аяқ қатысу мақсатында арнайы Алматыға ат басын бұруды жоспарлап отыр.

Бүгінгі күні спортпен шұғылдану өз денсаулығы мен балаларыныӊ саулығына қамқорлықпен қарайтын әр қала тұрғыны үшін өмірініӊ маӊызды бөлігі болып табылады. Спорт және салауатты өмір салты бүгінгі таӊда басты назарда, ал тау етегінде орналасқан Алматы қаласы жағдайында тау спорт түрлерін дамыту және насихаттау ерекше міндет екені заӊдылық. Осы ретте Халықаралық тау және спорт фестивалініӊ басты мақсаты - Алматы қаласыныӊ имиджін отандық және халықаралық спорт туризмі үшін тартымды орталық ретінде қалыптастыру және одан әрі дамыту; қала маӊындағы тау және спорт базаларына қала тұрғындарын белсенді демалысқа тарту; туристерді, әсіресе, балалар мен жасөспірімдерді таулы аймақтағы қауіпсіздік дағдыларына баулу. Іс-шараныӊ ұйымдастырушылары фестиваль Алматы қаласыныӊ Қазақстанныӊ спорттық астанасы ретінде имиджін жақсартуға ықпал етеді деп күтеді.

Фестиваль аясында табиғи рельефте спорттық жартасқа өрмелеу бойынша халықаралық жарыстар өтеді. Бір емес, бірнеше асуды бағындырған дәстүрлі альпиниада қатысушылары осы ретте Молодежный шыӊына көтеріледі (теӊіз деӊгейінен 4147 метр биіктікте). Фестиваль қонақтары сонымен қатар, маунтин-байк бойынша сайыс және түрлі тау спорты іс-шараларын тамашалайды. Фестиваль бағдарламасына Денсаулық күні де енгізілмек, бұл күні фестивальге Алматыдағы еӊ танымал фитнес-клубтардыӊ командалары да қатысады. Фестиваль кезінде арқанжолда жол ақысы барып қайту үшін 500 теӊгені құрайды.

Фестиваль жетегінде тағы бір айтулы оқиға "Алматыдағы тау туризмін және бұқаралық спортты дамыту тетіктері: бүгін және ертеӊ" атты дәстүрлі "Almaty Mount Forum" халықаралық форумы. Аталмыш іс-шара барысында осы саланыӊ жетекші сарапшылары тау туризмініӊ әлемдік нарығын және оныӊ Алматыдағы алар орнын, туризм индустриясыныӊ қала экономикасын дамытудағы рөлі, сондай-ақ, әлем және Қазақстандағы тау туризм инфрақұрылымын жандандыруға қатысты мәселелерді талқылайды. Арнайы қонақ тау шаӊғы курорттарында туризмді дамыту туралы әӊгімелемек. Франция жеріндегі Les Portes du Mont Blanc тау шаӊғы курортыныӊ басшысы Лукас Маршанд өз тәжірибесімен бөліседі. Танымал швед саяхатшысы Йохан Нильсон тау туризмін насихаттауға атақты адамдарды тарту тәжірибесі турасында әлемдік мысалдарды тілге тиек етеді. Жиһанкез 140 мемлекетте 30-дан астам экспедицияны бастан өткерген, соныӊ ішінде Оӊтүстік полюстен Солтүстік полюске 18 айға созылған экспедиция да бар. Осы саяхаттыӊ құрамында болғаны үшін Йохан Нильсон 2015 жылы Гиннес рекордтар кітабына енді. Қазіргі таӊда танымал саяхатшы Халықаралық табиғатты қорғау және жаӊадан құрылған Snow Leopard Foundation қорларыныӊ елшісі болып табылады.

Халықаралық тау және спорт фестивалі қазақстандық эстрада жұлдыздары қатысуымен өтетін мерекелік концерттен кейінгі салтанатты жабылу рәсімімен тәмамдалады. Ұйымдастырушылар фестивальдіӊ өтуі Алматы қаласыныӊ әкімдігі жүзеге асыратын барлық әлеуметтік жобалардыӊ бірігуін және өзара әрекеттесуін қамтамасыз етеді деп үміттенеді.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны