24.02.2015, 17:56 4013

Алматыдағы ислам мәдениетініӊ жылы ИСЕСКО елдерініӊ ынтымақтастығын кеӊейтеді - сарапшы

Алматыда ислам мәдениетініӊ жылы аясында өткізіліп жатқан конференция спикерлері Қазақстанда осы аттас жылды өткізуге қатысты пікірлерін білдірді. Спикерлердіӊ пайымынша, Қазақстан бейбіт ұлтаралық және конфессияаралық диалог үшін әлем елдерін кезекті рет бір шаӊырақтыӊ астына біріктіріп отыр

Алматы. 24 ақпан. Kazakhstan Today - Алматыда ислам мәдениетініӊ жылы аясында өткізіліп жатқан конференция спикерлері Қазақстанда осы аттас жылды өткізуге қатысты пікірлерін білдірді. Спикерлердіӊ пайымынша, Қазақстан бейбіт ұлтаралық және конфессияаралық диалог үшін әлем елдерін кезекті рет бір шаӊырақтыӊ астына біріктіріп отыр, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"Алматы қаласы 2015 жылғы ислам мәдениетініӊ астанасы атана отырып, құрметті эстафетаны қабылдады. Алматы тұрғындары құрметті мәртебемен құттықтауға рұқсат етіӊіздер. Біздіӊ елдердіӊ арасында орнаған өзара гуманитарлық ынтымақтастықтыӊ көптеген түрін мысалға келтіруге болады. Ислам мәдениеті саласындағы қарым-қатынастар - бұл мәдени байланысты дамыту жолымен өзара әрекеттестікті кеӊейту, саяси және экономикалық саладағы ынтымақтастықты нығайту, яғни мәдениеттіӊ көмегімен барлық сала қамтылып отыр. Ислам елдері арасында ынтымақтастықты одан әрі тереӊдетуде Алматы лайықты жалғастырушыға айналады деген үміттемін", -деп атап өтті Тәжікстан Республикасыныӊ мәдениет министрі Шамсиддин Орумбеков, деп хабарлайды bnews.kz тілшісі.

Айта кетсек, Алматыда "Алматы - 2015 жылғы ислам мәдениетініӊ астанасы" екі күндік халықаралық конференция жұмысын бастады. Аталмыш шара осы аттас жыл аясында және Білім, ғылым және мәдениет мәселелері жөніндегі ислам ұйымыныӊ (ИСЕСКО) қолдауымен өткізіліп отыр.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны