01.07.2018, 15:12 7256

Алматыдағы "Южный" саябағында тұрғын үй кешені салынатын жер учаскесі мемлекетке қайтарылады

Қазіргі кезде саябақта реконструкция жүрде, оныӊ барысында бұрыннан бар жолдар, жарық және суару жүйелері жаӊарып, стационарлы дәретханалар, иттерді серуендететін алаӊдар пайда болады. Оныӊ үстіне бұрыннан бар жалық желектер сақталып, жаӊалары отырғызылады.

Алматы. 1 шілде. Kazakhstan Today - "Южный" саябағында тұрғын үй кешенін салу мәселесі көпшілік талқысына түспейтін болды. Өйткені, "TURKUAZ GROUP OF COMPANIES" АҚ құрылыс салудан өз еркімен бас тартып, саябақтыӊ солтүстік бөлігіндегі жер учаскесін мемлекетке қайтаруға дайын.

"Жобаны ашық талқылау кезінде көпшілік саябақ аумағында тұрғын үй кешенін салу жоспарын қолдамады, сондықтан компания қаланыӊ басқа бөлігінен дәл осындай жер учаскесін алу үшін өзініӊ жерін мемлекет пайдасына қайтаруға дайын".

Компания директоры Зеки Пилге осындай міндеттеме қабылдаған.

Еске салсақ, бұрын Алматы әкімі Бауыржан Байбек "Нұр Отан" партиясы қалалық филиалыныӊ қоғамдық қабылдауында азаматтарды қабылдаған кезде қала тұрғыны Надежда Ерольская "Южный" саябағында жеке компанияныӊ көп қабатты тұрғын үй кешенін салуы мүмкін екені туралы мәселе көтерген еді. Өз кезегінде мегаполис басшысы "Нұр Отан" партиясыныӊ алаӊына қоғамдық тыӊдау өткізуді тапсырған болатын.

Саябақ аумағы 14,2 га жерді құрайды, Жароков көшесініӊ шығысы мен Ходжанов көшесініӊ солтүстігіне қарай орналасқан. Қазіргі кезде саябақта реконструкция жүрде, оныӊ барысында бұрыннан бар жолдар, жарық және суару жүйелері жаӊарып, стационарлы дәретханалар, иттерді серуендететін алаӊдар пайда болады. Оныӊ үстіне бұрыннан бар жалық желектер сақталып, жаӊалары отырғызылады.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны