23.04.2009, 16:58 3262

Алматыдағы Қан құю орталығында қан мен оның құрамды бөлшектерінің қауіпсіздігіне бақылау лайықты дәрежеде қойылмайды

Алматыдағы Қан құю орталығында қан мен оның құрамды бөлшектерінің қауіпсіздігіне бақылау лайықты дәрежеде қойылмайды

Астана. 23 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - Алматыдағы Қан құю орталығында қан мен оның құрамды бөлшектерінің қауіпсіздігіне бақылау лайықты дәрежеде қойылмайды. Бұл туралы Республиканың Денсаулық сақтау министрлігінде өткен алқа мәжілісінде мемлекеттік санитарлық-эпидемилогиялық бақылау комитетінің төрағасы Анатолий Белоног бүгін мәлім етті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігі.

Алматы қаласында, тіпті ВИЧ індеті анықталған донорларға қатысты эпидемиологиялық тергеу жүргізілмеу, донорларды жеке басын куәландыратын құжаттарсыз қабылдау фактілері анықталған.

Сонымен қатар медициналық мекемелерге жіберу үшін дайындалған қан құрамды бөлшектерінің сыртына ВИЧ індетіне қатысты тексерістің нәтижелері жазылмаған. Оның үстіне әрбір бесінші жүкті әйелге ВИЧ бар-жоқтығына тексеру жүргізілмеген. Соның салдарынан 6 әйелде ВИЧ уақытылы анықталмаған, ана мен құрсақтағы сәби тиісті алдын-алу антиретровирустық емді қабылдамаған.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі ВИЧ індетіне қарсы іс-қимылдар жоспарын тиісті деңгейде жүзеге асырмай отырғаны үшін Алматы қаласының Денсаулық сақтау басқармасының бастығы Зәуре Аманжоловаға тәртіптік жаза қолдану туралы шешім қабылдады, деді А.Белоног.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны