27.10.2016, 14:27 4577

Алматыдағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театры "Аққу көлі" балетініӊ жаӊа қойылымын назарға ұсынады

2016 жылдыӊ 5 қарашасында Алматыдағы Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театры ҚР халық артисі Гүлжан Түткібаеваныӊ қойылымында, классикалық хореография жауһары болып саналатын П.И.Чайковскийдіӊ "Аққу көлі" балетініӊ жаӊа қойылымын назарға ұсынады, деп хабарлайды өнер ошағы.

Алматы. 27 қазан. Kazakhstan Today - 2016 жылдыӊ 5 қарашасында Алматыдағы Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театры ҚР халық артисі Гүлжан Түткібаеваныӊ қойылымында, классикалық хореография жауһары болып саналатын П.И.Чайковскийдіӊ "Аққу көлі" балетініӊ жаӊа қойылымын назарға ұсынады, деп хабарлайды өнер ошағы.

Пётр Ильич Чайковский -әлемдегі еӊ танымал әрі жиі орындалатын композиторлардыӊ бірі. Оныӊ "Аққу көлі", "Ұйқыдағы ару", "Щелкунчик" балеттері орыс хореографиясындағы жаӊа кезеӊніӊ бастамасы болды және қазіргі таӊда әлемдегі музыкалық театрларыныӊ негізі болып табылады.

Абай атындағы опера және балет театрында П.И.Чайковскийдіӊ балеттері көптеген жылдар бойы қойылып, көпшіліктіӊ көӊілінен шығуда. 2014 жылы театр СССР халық артисі Габриэлла Комлеваныӊ қойылымындағы "Ұйқыдағы ару" балетініӊ жаӊартылған нұсқасы ұсынылды, 2015 жыл ҚР халық артисі Гүлжан Түткібаеваныӊ қойылымындағы "Щелкунчик" балетініӊ премьерасымен аяқталды.

"Аққу көлі" балетін театрда Қазақстандық балет мектептерініӊ іргесін қалаушыларыныӊ бірі Александр Артемьевич Александров 1938 жылы қойды. Кейіннен Юрий Павлович Ковалев, Татьяна Конюс өӊдеді. Көптеген жылдар бойы театр сахнасында Владимир Иванович Бурцевтыӊ қойылымы жүрді. Бұл қойылым "Абай" операсы сияқты, Алматыдағы Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театрыныӊ визиттік карточкасына айналды. Ийгілі бишілер мен балет өнерін қадірлеушілерініӊ санын арттырды.

2016 жылдыӊ 5 қарашасында жаӊа парақ ашылатын болды. Ийгілі балет сахнада ҚР халық артисі Гүлжан Түткібаеваныӊ қойылымында, музыкалық жетекшісі - ҚР еӊбек сіӊірген қайраткері Асқар Бөрібаев, сценографиясы мен костюмдері - Ресейдіӊ халық суретшісі, Мемлекеттік сыйлықтардыӊ лауреаты Вячеслав Окуневпен қайта жаӊартылған қойылымда көрсетіледі.

"Аққу көлінде" Чайковский балет спектаклініӊ еӊ алдымен, музыканыӊ маӊызын өзгертудегі түбегейлі реформаны жүзеге асырды. Чайковскийде музыка бүкіл спектакльді айқындайтын негізгі компонент болды. Жеке-жеке би нөмірлерініӊ орнына Чайковский лирикалық желініӊ басты идеясына тәуелді, сырға толы және біртұтас шығарманы жарыққа шығарды.

XVIII ғасырдағы неміс жазушысы И. К. А. Музеустіӊ аққу-қыз туралы "Аққу бөгеті" атты қарапайым ертегісі "Аққу көлініӊ" негізінде жауыздық пен зұлымдықты жеӊген пәк махаббат туралы лирикалық поэмасына айналды.

Балетте араларында бір-біріне өтетін шегі жоқ, шынай және қияли екі дүние көрсетілген. Зұлым сиқыршы дуалаған аққу патшайымы Одетта еріксіздікте торыға, тірі жанныӊ жылуы мен махаббатын ансайды, ол өзініӊ нағыз кейпі - жас сұлу қызға, тек түнде ғана ене алады. Бір кезде оны көрген Зигфрид ханзада оған ғашық болып қалады. Бірақ еріксіз адалдық сертін бұзады. Одетта жазым болу керек, Зигфрид өлу үшін алай-дүлей толқыған су иіріміне бірге түспекші.

Үлкен театр сахнасында 1877 жылы өткен "Аққу көлі" бірінші премьерасы ойдағыдай өтпейді. Владимир Бегичев және Василий Гельцердіӊ бастапқы либреттосынан қазіргі заман көрермені дағдылы желіні таба алмас еді.Атақты Мариус Петипа пен оныӊ көмекшісі Лев Иванов балетке сахналық өмір сыйлайды.

Олар қисындылық пен үйлесімдік беріп, либреттоны өзгертеді және еӊ алдымен үлгілі "аққу" көрінісі қойылымыныӊ арқасында тарихқа енеді. Ал балет толығымен (бірінші және үшінші бөлім Петипаныӊ қойылымында, екінші және төртінші - Ивановтыӊ) бір жыл өткен соӊ 1895 жылы көрсетіледі. Орыс балетінде алғаш рет сынақтар мен азапты басынан өткерген, тағдырға қарсы шығып, өз сезімі үшін күрескен кейіпкердіӊ ерлерге тән бейнесі (тек би ғана емес) жасалды. Зигфрид бейнесінде орыс ұлттық балетініӊ бай дәстүрі көрсетілген.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны