20.08.2018, 19:49 7328

Алматыдағы ҚБТУ ғимаратыныӊ алдындағы алаӊда "KITAP FEST" кітап фестивалі өтеді

Алматыдағы кітап фестивалі 2014 жылдан бастап жыл сайын өтуде. Биылғы жылы шараға 3000-нан астам адам қатысады деп күтіліп отыр.

Алматы. 20 тамыз. Kazakhstan Today - Алматы қаласыныӊ күніне орай, 8 қыркүйек күні ҚБТУ ғимаратыныӊ алдындағы алаӊда "KITAP FEST" кітап фестивалі өтеді. Ұйымдастырушылар қала қонақтары мен қала тұрғындары үшін кітап көркемделген көрмені ұсынып, қазақ жазушыларыныӊ кеӊ ауқымды кітаптарын ұсынады.

"Осы фестивальдіӊ арқасында біз алматылықтар мен фестиваль қонақтарына дәстүрлі және электронды тасығыштарда отандық әдебиеттіӊ үздік үлгілерін ұсынамыз. Сонымен қатар біз балалар мен жастар арасында кітаптарды оқуды кеӊінен таратуды қалаймыз. Алматы әрқашан Қазақстанныӊ мәдени астанасы болған және біз бұл мәртебені қолдаймыз", - деді фестиваль ұйымдастырушылары.

Іс-шара барысында қазақстандық жазушылармен кездесулер мен мастер-класстар, поэзия оқулары, Қазақстанда еӊ ірі баспалар мен кітап дүкендерініӊ жәрмеӊкесі, шығармашылық шеберханалар, live-концерттер, конкурстар, сондай-ақ еӊ үлкен кітап алмасу өтеді.

"Кітап алмасуға қатысушылар кітаптарды алып келіп, оларды тағандарға тапсырады. Стикерде оқырманға қызығушылық танытатын және таӊдауды шешуге көмектесетін кітап туралы қысқаша ақпарат жазылады. Қатысушы өзімен алып келген кітаптардыӊ саны жазылған нөмірді алады, содан кейін нөмірде көрсетілген саны бойынша жаӊа кітаптар таӊдай алады", - деп атап өтті ұйымдастырушылар.

Фестивальдіӊ еӊ кішкентай қонақтары ойын алаӊдарында көӊіл көтеріп, оларға аниматорлар суда сурет салуды, аквагримге және өз қолымен кітаптар жасауды үйретеді.

Алматыдағы кітап фестивалі 2014 жылдан бастап жыл сайын өтуде. Биылғы жылы шараға 3000-нан астам адам қатысады деп күтіліп отыр.

Естеріӊізге сала кетейік, Алматы күнін мерекелеу аясында мегаполисте 100-ден астам іс-шара жоспарланған, онда түрлі елдердіӊ әртістері қатысады. Бағдарламада "Көк-Төбе Опера-2018" классикалық музыка фестивалі, Халықаралық "ARTBAT fest" заманауи өнер фестивалі, ашық аспан астындағы "Оркестрлер фестивалі" атты оркестрлік музыка фестивалі, "KITAP FEST" кітаптар фестивалі, "Family Festival" атты отбасы күні, халықаралық "Almaty garden show" бақшалар фестивалі, Қазақстандық "GAKKU дауысы" музыкалық фестивалі, қалалық дәстүрлі "ALMA Fest" алма фестивалі, Muzzone Dance Party, халықаралық "Mural" монументалды және сәндік өнер фестивалі, мото фристайл "Red bull FMX JAMS", "Almaty Film Festival", "Junior Eurovision" жобасы, Алатау ауданыныӊ 10 жылдық мерейтойын атап өту, "Almaty Fest Big City Picnic", кілем бұйымдарыныӊ көрме-жәрмеӊкесі, "Қазақстан Камерата" мемлекеттік оркестрініӊ өнер көрсетуі және т.б.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны