29.10.2010, 17:02 4040

Алматыдағы көп пәтерлі үйлердің 40 пайызы жөндеу жұмыстарын қажет етеді - әкімшілік

Алматыдағы көп пәтерлі үйлердің 40 пайызы жөндеу жұмыстарын қажет етеді. Бұл туралы кеше журналистерге берген сұхбатында Алматы қаласының әкімінің орынбасары Ербол Шорманов мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Алматы. 29 - қазан. Kazakhstan Today - Алматыдағы көп пәтерлі үйлердің 40 пайызы жөндеу жұмыстарын қажет етеді. Бұл туралы кеше журналистерге берген сұхбатында Алматы қаласының әкімінің орынбасары Ербол Шорманов мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Е. Шормановтың айтуынша, қазіргі уақытта қалада 7200 жуық көп пәтерлі үй және 110 мың жер үйлер бар.

"Осы 7200 көп пәтерлі үйлердің 40 пайызы жөндеу жұмыстарын қажет етеді. Ал осы 40 пайыздық үлеске кіретін үйлердің 10 пайызы апаттық жағдайда тұрған үйлер. Бірақ біздің қаламыздағы бұл мәселені бірден шешу өте өзекті мәселе болып отыр",- деп атап өтті әкімнің орынбасары.

"Біз қазір құрылыс және тұрғын үй коммуналдық шаруашылық істері жөніндегі агенттікпен бірлесе отырып осы мәселені пысықтаудамыз. Егер жергілікті бюджет тұрғын үй секторларына жөндеу жұмыстарын жүргізу проблемасын шешуге белгілі бір қаржы бөлсе, қандай механизм қажет деген сұрақ қарастырылуда",- деп атап өтті Е. Шорманов.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны