22.06.2007, 17:01 3207

Алматыдағы құрылыс компаниялары жылжымайтын мүлік нарығындағы алыпсатарлықпен шұғылдануда

АЛМАТЫ. 22 - маусым. Kazakhstan Today. Алматыдағы құрылыс компаниялары жылжымайтын мүлік нарығындағы алыпсатарлықпен шұғылдануда. Қазақстандық бағалаушылар қауымдастығының атқарушы директоры Александр Калинин осындай пікір білдірді, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

"Алыпсатарлықпен бірінші кезекте құрылыс компаниялары айналысуда, олардың көбі құрылыс материалдарын тасымалдаудан бастап риэлторлық кеңселерге дейін аффилиирлік құрылымдардың желісін иемденіп алған",- деді Александр Калинин "Караван" апталығының журналистеріне.

Сарапшының айтуынша, бүгінде әрленбеген тұрғын үйдің бір шаршы метрінің өзіндік құны 650 АҚШ долларынан аспайды. Бірақ, тек қана жылжымайтын мүлік нарығындағы алыпсатарлық есебінен тұрғын үйдің бағасы 35-50 пайызға дейін өсіп отыр. Оның сыртында, "көптеген құрылыс ұйымдары баспананың "бір шаршысының" бағасына өзінің шығындары мен табатын пайдаларын ғана қосып қоймай, риэлторлардың қызмет құнын, жолдар салуды, бала бақшалар мен мектептер құрылысының шығындарын да қосады". Нәтижесінде, маманның есебі бойынша, "баға 400-500 пайызға шарықтап шыға келуде".

Александр Калининнің мәліметтеріне сүйенсек, Алматыда 900-ге жуық құрылыс компаниялары мен 400-ге жуық риэлторлық компаниялар жұмыс істейді. "Олардың барлығы да тұрғын үй бағасының қымбат болуынан мүдделі",- деп атап көрсетті ол. Ол сондай-ақ, тек соңғы бір жылда ірі құрылыс корпорациясының таза кірісі 10 млрд АҚШ долларын құрағандығын атап өтті.

Дегенмен, сарапшылар тұрғын үй бағасының түседі деген болжам айтады. Қазірде риэторлық компаниялар бағаның 1 - 7 АҚШ долларына төмендегендігі туралы мәліметтер беруде, бірақ олар бұл орайда сауда-саттық құнын емес, күтілген бағаны негіз етіп алған.. "Баға күрт төмендейді деп сәуегейлік айту әзірге ерте. Дегенмен нарықтың белсенді қатысушылары - банктер, девелоперлер, құрылыс салушылар, риэлторлар мен сатып алушылар бағаны жасанды жолмен жоғары деңгейде ұстап тұрудың зиян-зардаптары туралы ақыры ойлана бастаған сыңайлы", - деп жазады апталық.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны