13.09.2007, 12:32 1785

Алматыдағы құрылыс мәселелерін зерделеу жөніндегі үкіметтік комиссия өз жұмысына кірісті

Кеше Алматыда вице-министр Өмірзақ Шүкеевтің төрағалығымен қаладағы құрылыс саласына тексеру жүргізетін үкіметтік комиссияның бірінші отырысы өтті. Өмірзақ Шүкеевтің ақпараттарына сүйенсек, тексеру 15 күнге созылады. Осы уақыт ішінде құрамына қаржы, әділет, экономика және бюджеттік жоспарлау, индустрия және сауда, қоршаған ортаны қорғау министрлері, төтенше жағдайлар министрі, жер ресурстарын басқару жөніндегі агенттіктің төрағасы, сондай-ақ бас прокурордың орынбасары кірген комиссия мүшелері, атап айтқанда, жер телімдерін бөлу мәселесін зерделейді.

"ҚАЗАҚСТАН БҮГІН". 13 қыркүйек. АЛМАТЫ. Кеше Алматыда вице-министр Өмірзақ Шүкеевтің төрағалығымен қаладағы құрылыс саласына тексеру жүргізетін үкіметтік комиссияның бірінші отырысы өтті, деп хабарлайды "ҚАЗАҚСТАН БҮГІН" агенттігінің тілшісі.

Өмірзақ Шүкеевтің ақпараттарына сүйенсек, тексеру 15 күнге созылады. Осы уақыт ішінде құрамына қаржы, әділет, экономика және бюджеттік жоспарлау, индустрия және сауда, қоршаған ортаны қорғау министрлері, төтенше жағдайлар министрі, жер ресурстарын басқару жөніндегі агенттіктің төрағасы, сондай-ақ бас прокурордың орынбасары кірген комиссия мүшелері, атап айтқанда, жер телімдерін бөлу мәселесін зерделейді.

"Кімнің, қашан және қандай нормативтік акт бойынша жер телімдерін беруге рұқсат бергендігін, соның барысында жер телімдерін рәсімдеу процедурасы сақталды ма, олар кімнің меншігінде және осы аумақтар құрылыстың бас жоспарында қарастырылған ба, осының бәрінің басын ашып білу керек",- деп түсіндірді вице-министр. Бұл жұмысты Жер ресурстары жөніндегі агенттік Бас прокуратурамен бірлесе отырып атқарулары керек.

Сонымен қатар, Өмірзақ Шүкеевтің айтуынша, құрылыс компанияларының өрт қауіпсіздігінің талаптары мен экологиялық талаптардың ережесін сақтауларына тексеру жүргізіледі. "Сөз ерекше қорғаудағы табиғат аймақтары туралы болып отыр",- деп түсіндірді вице-премьер. Ол "бұл жерде мұқият тексеруді қажет етеді", деп атап көрсетті бұл жұмысты вице-премьер Қоршаған ортаны қорғау министрлігі мен Төтенше жағдайлар министрлігіне тапсырды.

Алматыдағы жылжымайтын мүлікті бағалау мәселесі, сондай-ақ салық жиындарының толықтығын тексеру Қаржы министрлігіне, Иділет министрлігі мен Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігіне тапсырылды.

Бұрын хабарлағанымыздай, сейсенбіде үкіметте елбасының тапсырмасымен премьер-министрдің төрағалығымен Алматыдағы құрылыс мәселелері жөніндегі комиссия құрылған болатын. Елбасы комиссия құруды тапсыра отырып, премьерге хатында: "Менің тікелей нұсқауыма қарамастан, "Медеуде" зәулім тұрғын үйлер салу жалғасуда, Кіші Алматы шатқалында "Медеуге" дейін түгелдей құрылыстар салынған, Бутаковкада бәрін қоршап тастаған, өзенге адамдар өтетін жер де жоқ. Алматылықтардың наразылығында шек жоқ. Үлкен Алматыда заңды бұза отырып, жүздеген экологиялық нормадан тыс құралыстар салынған" , деп мәлім еткен. Президент " бассыздықты тоқтауға" жарлық берді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны