18.04.2007, 10:58 2829

Алматыдағы құрылыс саласындағы жағдай төніп келе жатқан дағдарысты айғақтайды

АЛМАТЫ. 18 сәуір. Kazakhstan Today. Алматыдағы кең көлемді құрылыс төніп келе жатқан дағдарысты айғақтайды,-деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігі.

"Литер" апталығының деректерінше, ірі корпорацияларға берілген кешенді құрылыс алаңдарындағы жүріп жатқан құрылыстың жылдамдығы бұрынғыдай емес. "Тастақ, Новои мен Жандосов көшелерінің қиылысындағы зәулім үйлер бұрынғы қарқынмен салынып жатқан жоқ. Ол тұрмақ құрылыс алаңдарында бір қабаты ғимараттар қалып қоюда. Оларды сатып алып бұзуға құрылыс компанияларының шамасы жоқ",-деп жазады басылым.

"Бүгінгі жағдаймен алғанда көпшілікті титықтатып біткен жарысты бәсеңдеткен жөн. Алайда құрылысшы компаниялар бір-бірімен бәсекелесуді қоймайды",-дейді мақалада. "Тіпті құрылысшы корпорациялар бұл жарыстың қаншалықты мағынасыз екендігін түсінген кезде де енді жағдай ушығып кетті. Жалпы белгілеріне қарағанда жалпы дағдарыстың ауылы алыс емес",-деп мақала авторы болжам келтіреді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны