17.09.2007, 11:28 1492

Алматыдағы құрылыс салу ахуалын зерделеу жөніндегі үкіметтік комиссия істелген жұмыстар жөнінде жұмада есеп береді

Алматыдағы құрылыс салу ахуалын зерделеу жөніндегі үкіметтік комиссия істелген жұмыстар жөнінде жұмада есеп береді.

Астана. 17 қыркүйек. "Қазақстан Бүгін" - Алматыдағы құрылыс салу ахуалын зерделеу жөніндегі үкіметтік комиссия істелген жұмыстар жөнінде жұмада есеп береді, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Мен жұма күні осында, Астанада кеңес өткізу жөнінде тапсырма беремін, бұл жерде комиссияның барлық мүшелері атқарылған жұмыстар жөнінде баяндайды. Оларды тыңдап, мемлекет басшысына есеп береміз", -деді премьер-министр Кәрім Мәсімов бүгін өткен селекторлық кеңес барысында.

Өз кезегінде вице-премьер Өмірзақ Шүкеев "қазіргі таңда Бас прокуратура Жер ресурстары жөніндегі агенттікпен бірлесе оытрып төрт топқа бөлініп, президенттің жазбаша тапсырмасында көрсетілген аудандардағы құрылыстарды тексеріп жатыр", деп хабарлады. "17 - 18 қыркүйекте олар жұмысты аяқтауы қажет, олар барлық құжаттарды әкелуге тиіс, ал біз олармен танысып, карта жасап, әрбір нысанға қатысты президент әкімшілігіне арнап фотосуреттер дайындап, олардың қашан және кімнің шешімімен, қай жерлерде салынғандығы, осының барысында қандай заңдардың бұзылғандығы жөнінде, ондай ахуалды қалай ретке келтіру керектігі және оған қанша қаржы қажеттігі жөнінде ақпарат дайындауға тиіспіз", - деді Ө. Шүкеев.

Еске сала кетейік, өткен аптада үкіметте мемлекет басшысының тапсырмасымен республика премьер-министрінің басқаруымен қаладағы құрылыс саласына тексеру жүргізетін үкіметтік комиссия құрылды. Елбасы комиссия құруды тапсыра отырып, премьерге хатында: "Менің тікелей нұсқауыма қарамастан, "Медеуде" зәулім тұрғын үйлер салу жалғасуда, Кіші Алматы шатқалында "Медеуге" дейін түгелдей құрылыстар салынған, Бутаковкада бәрін қоршап тастаған, өзенге адамдар өтетін жер де жоқ. Алматылықтардың наразылығында шек жоқ. Үлкен Алматыда заңды бұза отырып, жүздеген экологиялық нормадан тыс құралыстар салынған" , деп мәлім еткен. Президент " бассыздықты тоқтауға" пәрмен берді.

Комиссия құрамына қаржы, әділет, экономика және бюджеттік жоспарлау, индустрия және сауда, қоршаған ортаны қорғау министрлері, төтенше жағдайлар министрі, жер ресурстарын басқару жөніндегі агенттіктің төрағасы, сондай-ақ бас прокурордың орынбасары кірген.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны