28.08.2018, 19:32 7076

Алматыдағы мектепте "Рухани жаӊғыру - халқымызға рухани жол көрсететін нақты бағдар" атты конференция өтті

Рухани жаӊғырудыӊ нақты жолдары арқылы бәсекеге қабілеттілік, білімділік, елжандылық, патриоттық қасиеттерді оқушы бойына сіӊіру міндеті тұр.

Алматы. 28 тамыз. Kazakhstan Today - Алматыдағы №141 жалпы білім беретін мектепте 27 тамызда "Рухани жаӊғыру - халқымызға рухани жол көрсететін нақты бағдар" атты конференция өтті, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

Іс шара рухани жаӊғырудыӊ нақты жолдары арқылы бәсекеге қабілеттілік, білімділік, елжандылық, патриоттық қасиеттерді оқушы бойына сіӊіру; оқу-тәрбие үрдісінде, сабақтан тыс іс- шараларда "Қазақстандық патриотизм" ұғымы арқылы Отан, туған жер, ел, атамекен, туған өлке туралы түсініктерін дамыту, ұлттық салт-дәстүрді сақтау, мемлекеттік рәміздерді құрметтеу сияқты сезімдерді оқушылар бойында қалыптастыру; рухани жаӊғыруда қойылып отырған маӊызды мәселе "сананыӊ ашықтығы", яғни әлемдік тілдерді игеруге ұмтылу, ғаламдық үрдіске толыққанды араласуымызға жол ашу, әлемдік озық тәжірибе мен жетістіктерге қол жеткізуімізге мүмкіндік туғызу мақсаттарын көздейді.

Еліміздіӊ ұлттық білім беру жүйесінде "Қазақстандық патриотизм" ұғымы қолданылады. "Қазақстандық патриотизм" арқылы Отан, туған жер, ел, атамекен, туған өлке туралы түсініктер оқу- тәрбие үрдісінде, сабақтан тыс іс- шараларда Отансүйгіштік сезімді дамытуға, ұлттық салт- дәстүрді сақтау, мемлекеттік рәміздерді құрметтеу сияқты сезімдерді оқушылар бойында қалыптастыру жүзеге асыру көзделуде.

"Болашақта ұлттыӊ табысты болуы оныӊ табиғи байлығымен емес, адамдарыныӊ бәсекелік қабілетімен айқындалады. Сондықтан, әрбір оқушы ХХІ ғасырға лайықты қасиеттерге ие болуы керек. Мысалы, компьютерлік сауаттылық, шет тілдерін білу, мәдени ашықтық сияқты факторлар әркімніӊ алға басуына сөзсіз қажетті алғышарттардыӊ санатында.

Сол себепті, "Цифрлы Қазақстан", "Үш тілде білім беру" сияқты бағдарламалар - ұлтымызды, яғни барша қазақстандықтарды ХХІ ғасырдыӊ талаптарына даярлаудыӊ қамы. Бәсекеге қабілеттілік білім, ғылымда болуы тиіс. Бәсеке болған жерде әрбір тұлға өзініӊ еӊ сапалы қызмет түрін ұсынады. Білім мен тәрбиесі ғажайып түрде үндескен, ұлттық идеологиясы темірқазығына айналған табысты ел болуымыз үшін жақсылыққа ұмтылып, жаманшылықтан арылып, саналы түрде барлық қасиеттерімізді ізгілендіріп, сананы рухани жағынан үнемі жетілдіріп, дамытып отыруысыз қажет деген басты ой шараға арқау болды.

Қоғамдық сананы жаӊғыртуға бағытталып отырған бұл идеяныӊ ұсынылуы уақыт талабы мен ел дамуыныӊ тарихи кезеӊіне сай, маӊызы зор шешім болып отыр. Бұл идеяныӊ үшінші жаӊғырудыӊ өзегіне айналуы, елімізге мүлдем жаӊаша сипат, тыӊ серпін әкелері анық.

Сананы рухани жаӊғыртуға бәсекеге қабілетті, білімді елдіӊ ғана шамасы жетеді. Ирбір азаматты өзініӊ туған жерініӊ гүлденуі үшін нақты үлес қосуға үндейді.

Рухани жаӊғырудыӊ нақты жолдары арқылы бәсекеге қабілеттілік, білімділік, елжандылық, патриоттық қасиеттерді оқушы бойына сіӊіру міндеті тұр.

Оспанова Манат Сейбатқызы былай дейді: "Тәуелсіз еліміздіӊ болашағы -жастарымыздыӊ интеллектуалды көрсеткіштері олардыӊ тек білім деӊгейімен ғана емес, сонымен бірге олардыӊ ұлттық тәрбиесімен, рухани жаӊғыруымен де тікелей байланысты. Ұлттық кодтыӊ өзегін сақтай отырып, болашаққа қадам басуымыз қажет. Рухани жаӊғырудағы ғылым мен білімге деген басты бағыттарды алдымызға мақсат етіп, орындауға тырысудамыз".

Маманова Гүлсім Мұқашқызы: "Тереӊ білім -тәуелсіздігіміздіӊ тірегі",-деген Н.Назарбаев "Мәӊгілік ел " болуға қадам басқан тәуелсіз Қазақстанныӊ ендігі жаһандану алдында ұлт ретінде жойылып кетпеуі үшін ұлттық кодын сақтаған, тереӊ білімді, бәсекеге қабілетті, ұлттық құндылықтарын бойына сіӊірген ақыл-ойы кемел тұлға болуына маӊыз береді. "Екі дәуір түйіскен аралықта Қазақстанға түбегейлі жаӊғыру және жаӊа идеялар арқылы болашағын баянды ете түсудіӊ теӊдессіз тарихи мүмкіндігі беріліп отыр... Мен барша қазақстандықтар, әсіресе, жас ұрпақ жаӊғыру жөніндегі осынау ұсыныстардыӊ маӊызын тереӊ түсінеді деп сенемін. Жаӊа жағдайда жаӊғыруға деген ішкі ұмтылыс -біздіӊ дамуымыздыӊ еӊ басты қағидасы", - деп ел келешегіне үміт артады.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны