30.10.2018, 14:21 5919

Алматыдағы "MOSKVA metropolitan" сауда-ойын-сауық орталығыныӊ қызметін тоқтату туралы сот шешіміне қатысты компания өз ұстанымын жариялады

"MOSKVA metropolitan" пікірінше, № 2 Иуезов аудандық сотындағы процесс назарға алынбаса, Алматы қаласы аппеляциялық инстанциясыныӊ сот шешімі жан-жақты және объективті бола алмайды.

Алматы. 30 қазан. Kazakhstan Today - "MOSKVA metropolitan" сауда-көӊіл көтеруге арналған орталығыныӊ басшылығы Алматы қалалық сотыныӊ аппеляциялық коллегиясыныӊ шешімі туралы хабарлайды, бұл шешім сәрсенбіде, 2018 жылы 24-қазан күні Алматы қаласы ТЖ департаментініӊ "MOSKVA metropolitan" сауда-көӊіл көтеруге арналған орталықтыӊ қызметін тоқтату туралы қуынымына орай сот талқысы шеӊберінде қабылданды. Сот компанияныӊ "MOSKVA metropolitan" орталығына қатысты қуынымда көрсетілген бұзушылықтарды толығымен түзеткендігі туралы дәлелдерді назарға ілмеді, тек өрт қауіпсіздігі нормаларыныӊ бұзылуыныӊ бір фактісі ғана орындалмай қалған болатын, ол орталық ғимаратына көрші орналасқан "Сарита" кафесіне қатысты , кафе иесі болса бұл бұзушылықты жоюдан бас тартуда.

Еске салып өтелік, 2018 жылы 03 сәуірде өрт қауіпсіздігі саласындағы өкілетті орган ҚР Бас прокуратурасыныӊ сәйкесті хатына орай Алматы қаласында бірқатар сауда -көӊіл көтеруге арналған орталықтарда өрт қауіпсіздігі нормалары мен ережелерініӊ сақталуын тексеру мақсатында жоспардан тыс тексерістер жүргізген. Тексеру барысында "MOSKVA metropolitan" әкімшілігі мен жалға берушілер тарапынан бірқатар бұзушылықтарға жол берілгендігі анықталды, 2018 жылы 12 сәуір күні компания басшылығына бұзушылықтарды 2018 жылдыӊ 25 сәуіріне дейін жою туралы ескерту табыс етілген.

"MOSKVA metropolitan" әкімшілігі ескертуде көрсетілген бұзушылықтарды (21 бұзушылық) 2018 жылдыӊ 18-мамырына дейін ретке келтірген, көрсетілген бір ғана бұзушылық жойылмай қалған, өйткені "MOSKVA metropolitan" орталығыныӊ оны өз бетінше реттеуге мүмкіндігі жоқ. Бұл бұзушылық -"MOSKVA metropolitan" ғимараты мен "Сарита" кафесініӊ оӊтүстік жағымен арада өртке қарсы қауіпсіздікке орай алшақтықтыӊ жоқтығы.

Серік Сембаев, "MOSKVA metropolitan" ЖШС директорыныӊ құқық мәселелері жөніндегі орынбасары : "Қолданыстағы заӊға сәйкес -көрші тұрған ғимараттар арасындағы алшақтық кем дегенде 6 метр болуға тиіс, шартқа орай биік ғимараттыӊ ("MOSKVA metropolitan") қабырғысы өртке қарсы 1-ші үлгіге жатқызылған, көрші қабырға ("Сарита" кафесініӊ ғимараты ) отқа төзімділігі жағынан 2-ші дәрежеге саналып келген.Алайда, "Сарита" кафесініӊ иелері Алматы қаласыныӊ сәулет және қала құрылысы басқармасымен келіспестен кафе ғимаратыныӊ сыртқы жағын әрлеген, ол үшін жылдам жанатын материал-ұсақталған ағаш плиталарды (ОSB) пайдаланған.Бұл іс-қимылдары арқылы олар кафе ғимаратыныӊ отқа төзімділігі дәрежесін 2 -ші дәрежеден 3-ші дәрежеге дейін түсірген. Бұл жәйт ғимараттар арасындағы өртке қарсы алшақтық болуға тиіс, деген бұзушылықты жоюға кедергі келтіріп отыр. Сонымен қатар, мұндай әрлеуіштерді пайдалану кафе ғимаратыныӊ техникалық құжаттамасына да қайшы келеді, өйткені онда кафеніӊ сыртқы қабырғалары декоративті түрде (силикат кірпіш) әрленуге тиіс, деп көрсетілген. Екіншіден, бұл ҚР Өрт қауіпсіздігі жөніндегі ( п.7.31. 2.02.-05-2009) ережелеріне қайшы.

2018 жылдыӊ мамыр айынан бастап қыркүйекке дейін "MOSKVA metropolitan" басшылығы "Сарита" кафесініӊ басшылығымен жағдайды шешу үшін бейбіт түрде келіссөздер жүргізді, кафе ғимаратыныӊ сыртын техникалық инвентаризацияға сәйкестендіру жағы сөз етілген. "MOSKVA metropolitan" кафеніӊ сыртын өз есебінен әрлеуді ұсынған болатын. Өкінішке орай, кафе иесі тексеру субъектісіне жатпайтын болғандықтан, бұзушылықты жоюдан бас тартуда, тығырықтан шығудыӊ жалғыз жолы ретінде олар кафе мен кафе орналасқан жерді тым қымбат бағаға сатып алуды ұсынуда.

Мәселені сотқа дейін шешудіӊ барлық жолдары қарастырылған соӊ 2018 жылы 03 қыркүйекте "MOSKVA metropolitan" Иуезов аудандық №2 сотына арыз беруге мәжбүр болды, онда кафеден

өрт қауіпсіздігі ережелерін жоюды талап ету туралы жазылған. Бұл іс бойынша сот талқысы 2018 жылы 06-қарашаға қалдырылды.

Сонымен, параллельді түрде екі сот талқысы жүргізілуде, біріншісі - Алматы қаласында аппеляциялық инстанция сотында, ол жерде арыз беруші Алматы қаласыныӊ ТЖ департаменті, екіншісі Иуезов ауданында № 2 сотта, онда арыз беруші "MOSKVA metropolitan", жауап беруші "САРИТА" кафесініӊ меншіктенушісі, олардан өрт қауіпсіздігі ережелері мен нормаларына қатысты бұзушылықты жою талап етілуде.

"MOSKVA metropolitan" пікірінше, № 2 Иуезов аудандық сотындағы процесс назарға алынбаса, Алматы қаласы аппеляциялық инстанциясыныӊ сот шешімі жан-жақты және объективті бола алмайды.

Атап өту керек, "MOSKVA metropolitan" қызметін тоқтату туралы шешім орталыққа келушілерге іс жүзінде қауіп туғызбағанмен, бір мыӊнан аса жұмыс орны жоғалады, қалалық бюджет ай сайын салық түрінде шамамен 200 млн теӊгеден айырылады. Ал пайдалануға беру туралы актісі жоқ кафе "Сарита" болса заӊсыз жұмысын әлі де жалғастыруда.

КОМПАНИЯ ТУРАЛЫ

MOSKVA metropolitan сауда-көӊіл көтеруге арналған орталық, бірігей заманауи ғимарат,алғаш рет 2016 жылы 10 қыркүйекте ашылған, жалпы алаӊы 37 500 шаршы метрді құрайды, қазір онда жүзден аса дүкен қызмет көрсетуде, оныӊ ішінде Magnum Atak, Sulpak, LC Waikiki, Kinopark кинотеатры бар.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны