17.05.2017, 17:51 2942

Алматыдағы Наурызбай ауданы әкімшілік орталығыныӊ құрылысы үстіміздегі жылдыӊ шілде айында аяқталады

Алматы әкімі Бауыржан Байбек Наурызбай ауданын дамыту жөніндегі көшпелі жиын барысында қала қызметтерініӊ назарын аудандағы салынып жатқан жолдардыӊ, инженерлік және коммуналдық желілердіӊ барынша сапалы болуына әрі дер мезгілінде пайдалануға берілуі тиіс екендігіне аударды.

Алматы. 17 мамыр. Kazakhstan Today - Алматы әкімі Бауыржан Байбек Наурызбай ауданын дамыту жөніндегі көшпелі жиын барысында қала қызметтерініӊ назарын аудандағы салынып жатқан жолдардыӊ, инженерлік және коммуналдық желілердіӊ барынша сапалы болуына әрі дер мезгілінде пайдалануға берілуі тиіс екендігіне аударды. Мегаполис басшысы жөнделген көшелер, мердігерлік ұйымдар мен олардыӊ өздеріне тапсырылған жұмыстарды аяқтаған мерзімдері белгіленген, жалпы атқарылған жұмыстар туралы толық ақпарат жинақталған Наурызбай ауданыныӊ кешенді картасын жасауды тапсырды.

Аудан әкімі Сайран Сайфеденов Наурызбай ауданыныӊ құрылғанына үш жыл толуы қарсаӊында 1200 орынды мектептіӊ, 500 адам қатынайтын аурухананыӊ, аудандық ішкі істер департаменті мен әкімдік, ХҚКО, АХАЖ, прокуратура, сот және басқа қызметтік мекемелер орналасатын нысандардыӊ прайдалануға берілетінін айтты. Бүгінгі күні олардыӊ дайындығы 80-90%, айналасы абаттандырылуда.

Жалпы, Наурызбай ауданында биыл сумен қамтамасыз етудіӊ 107,5 шақырым желісін, суды бөлудіӊ 81,2 шақырым желісін, Ақсай, Қарғалы фильтрлі тазартқыш екі станцияларын салу жоспарланған, сол арқылы Таусамалы, Таужолы, Шұғыла, Тастыбұлақ ,Ақжар, Құрамыс,Қарғалы, Қарағайлы,Жайлау сынды елді мекендерді орталықтандырылған су жүйесіне қосылатын болады. Ұзындығы 24,4 шақырым болатын кәріздік коллектор тұрғызу да жоспарланған.

Ауданда Абай даӊғылы Иуезов көшесінен Қалқаман ықшам ауданынан қала шекрасына дейін үӊгілеу жұмыстары жүруде, Жандосов көшесі, Сайын көшесінен Таусамалы поселкесіне дейін ұзындығы 2,08 болатын жолда күрделі жөндеу жұмыстары жүруде, көшелердіӊ қозғалыс бөлігі төрт жолаққа дейін кеӊеюде, Қарғалы өзенініӊ үстіндегі көпір қайта жасалуда, веложолдар мен тротуарлар салынуда. Ұзындығы 30 шақырым болатын 30 көше мен Қалқаман және Алаш ықшам аудандарындағы 33 көшені орташа жөндеуден өткізу жоспарланған.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны