22.05.2017, 17:20 3964

Алматыдағы Орталық мешітте қайырымдылық төлемдерін қабылдайтын терминалдар орнатылды

Алматыдағы Орталық мешітке келушілер өздерініӊ қайырымдылық төлемдерін (пітір, садақа және т.б) электронды терминал арқылы бере алады, бұл жаӊалықтыӊ басты мақсаты - түсетін қаржылардыӊ ашықтығын қамтамасыз ету.

Алматы. 22 мамыр. Kazakhstan Today - Алматыдағы Орталық мешітке келушілер өздерініӊ қайырымдылық төлемдерін (пітір, садақа және т.б) электронды терминал арқылы бере алады, бұл жаӊалықтыӊ басты мақсаты - түсетін қаржылардыӊ ашықтығын қамтамасыз ету.

"Бүгінгі күні Бес институционалды реформаны жүзеге асыру барысында мемлекеттік органдар қоғам алдында барынша ашық болуда және есеп беруде. Алматыда ауруханалар, мектептер, балалар бақшалары, ПИК-тер өздерініӊ қаржылық есептерін жариялап, қалалықтар сеніміне ие болуда, міне, енді Алматы мешіті де алғашқылардыӊ бірі болып осы жолмен жүре бастады", - деп атап өтті мегаполис әкімі Бауыржан Байбек.

Орталық мешіттіӊ Бас имамы Нұрбек Есмағанбетова бұл технологияныӊ пилотты режимде қолданылатынын айтты. Бұрыннан қалыптасқан әдіс те қолжетімді, мешітке келген кез- келген жан қайырымдылық төлемдерін ашық урналарға сала алады. Ай сайынғы жиналған қаржыныӊ жалпы сомасы мешіттіӊ сайтында жарияланады.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны