28.08.2018, 19:36 6891

Алматыдағы Орталық саябақ қалай өзгеруде

Алматыда жалпы қаланы реконструкциялауға билік тарапынан қолдау көрсету аясында саябақтыӊ басқарушы компаниясы жаӊа су бұрқақатар, балалар мен спорт алаӊдарын салуда. Жеке қаржыдан барлығы 1,6 млрд. теӊге инвестиция ретінде жұмсалуда.

Алматы. 28 тамыз. Kazakhstan Today - Алматы әкімі Бауыржан Байбек Орталық мәдениет және демалыс саябағындағы жөндеу жұмыстарыныӊ қарқынын тексерді.

Алматыда жалпы қаланы реконструкциялауға билік тарапынан қолдау көрсету аясында саябақтыӊ басқарушы компаниясы жаӊа су бұрқақатар, балалар мен спорт алаӊдарын салуда. Жеке қаржыдан барлығы 1,6 млрд. теӊге инвестиция ретінде жұмсалуда.

Қазіргі кезде Орталық мәдениет және демалыс саябағы айналасына жаӊадан 182 жарық діӊгектері орнатылған, тротуарларға кеспе тастар төселіп, жасыл аймақ кеӊейтілген.

Саябақ аумағы бірнеше тақырыптық аймақтарға бөлінген. Саябақ орталығында бұрын автокөлік тұрағы болған еді, қазір мұнда скейтодром мен роллердром, стрит-воркаут, теннис корты, баскетбол және балалар алаӊдары жұмыс жасуда.

Бұрынан бар фонтандарды қалпына келтіру және жаӊасын салу жұмыстарына ерекше назар аударылған. Мысалы, 10 жылдан астам бойы текке тұрған су бұрқақты қалпына келтіру жұмыстары аяқталып қалды. Жазғы сахнаныӊ шығыс жағына европалық қондырғыларды қолдана отырып құрғақ фонтан салынуда.

Барлық негізгі жұмыстар биылғы жылдыӊ қазан айына дейін аяқталады. Бұлардан өзге, басқарушы компания жаӊа және замануи аттракциондарды сатып алады.

Айта кетерлігі, Алматыда қаланыӊ тарихи орталығын реконструкциялау одан әрі жалғасуда.


Өткен жылы қала билігі Панфилов, Жібек жолы, Гоголь, Қабанбай батыр, Төлебаев, Байсейітова көшелері мен "Астана" алаӊын қайта жаӊығртқан болатын.

Ал биыл Абай, Абылай хан, Достық, Назарбаев, Желтоқсан даӊғылдары, "Алматы 2" теміржол вокзалыныӊ айналасы және Республика Сарайы алдындағы алаӊ жөнделуде.

Қалада ұзындығы 500 км болатын 524 көше жөнделді. Барлығы 3787 Алматы аулаларыныӊ 1400 -і абаттандырылды. 800 км инженерлік желілер жөнделді және салынды. Қалада 300 км арық желісі жаӊарды. Қаланыӊ барлық өтпелі жолдары толық жөндеуден өтті.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны