09.09.2009, 16:49 3052

Алматыдағы Республика алаңындағы 13 үйде жарылғыш зат орнатылды деген ақпарат түсіп, ол расталмады

Алматыдағы Республика алаңындағы 13 үйде жарылғыш зат орнатылды деген ақпарат түсіп, ол расталмады

Алматы. 9 қыркүйек. Kazakhstan Today - Полицияға Алматыдағы Республика алаңындағы 13 үйде жарылғыш зат орнатылды деген ақпарат түсіп, ол расталмады, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

Полицияның хабарлауынша, Алматыдағы бірқатар Бұқаралық ақпарат құралдары орналасқан Республика алаңындағы 13 үйден жарылғыш зат табылған жоқ. Бұл туралы Алматы қалалық ІІД-нің қоғамдық қауіпсіздік басқармасының бастығы, полиция полковнигі Нұрлан Алмасбеков мәлім етті.

"Иісшіл иттерді, арнаулы техниканы пайдалана отырып жүргізілген комиссиялық тексеру нәтижесінде жарылғыш зат табылған жоқ. Қазір мамандар мен телерадиокомпаниялардың қызметкерлері жұмыс орындарына оралды. Ақпарат жалған болып шықты", - деді Н. Алмасбеков.

Оның айтуынша, Ішкі істер департаментінің оперативтік қызметі телефон бұзақысын табуға жұмыс істеуде, арнаулы іс-шаралар өткізілуде.

Н. Алмасбековтың айтуынша, жасырын қоңырау таксофоннан жасалған.

Қылмыстық тексеру кезінде жедел және арнаулы қызметтерге келтірілген шығын көлемі есептеледі.

Алматыдағы Республика алаңындағы 13 үйде Kazakhstan Today ақпараттық агенттігі, "Мы выбираем Караван, Караван выбирает нас" апталығы, "КТК" телеарнасы, "Ретро", "Русское Радио" және "Европа Плюс" радиолары мен "Gazeta.kz" интернет-порталы секілді БАҚ-тар орналасқан.

Осыған байланысты Kazakhstan Today ақпараттық агенттігінің жаңалықтары уақытша шықпай қалды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны