16.01.2007, 13:09 3093

Алматыдағы Республика алаңының астында көп функциялы қоғамдық орталық салынады

АЛМАТЫ. 16-қаңтар. Kazakhstan Today. Алматыдағы Республика алаңының астында "Алмалы" атты көп функциялы қоғамдық орталық салынады.

Жобаның инвесторы әрі бас мердігері болып табылатын "Базис-А" корпорациясының хабарлауынша, жаңа орталық аумағы шамамен 100 мың шаршы метр жерде Сәтпаев көшесінің бойында Фурманов көшесінен Желтоқсан даңғылына дейін орналасады.

"Алмалы" көп функционалдық қоғамдық орталығында кинотеатрлар, балалар алаңы мен аттракциондар, бильярд клубы мен боулинг орталығы, мейрамханалар мен кафе желілері, дүкендер мен бутиктер, мұз айдыны, мини-картинг, интернет-кафе, түнгі би клубтары, фитнесс орталығы орналасады. 3 деңгейлі кешеннің тереңдігі - 14 - 20 метр. Жер астында шамамен 1000 машина қоятын паркинг құру жоспарланған.

Ғимарат қаңқасы тек сейсмикалық жүктемені ғана емес, ғимараттың өз салмағының жүктемесін де ескере отырып жобаланған. "Құрылыс айтарлықтай қалың топырақ қабаты мен көркейтуге арналған құрылыс материалдарын, көліктер мен басқа да ауыр техникалардың қозғалысының салмағын көтеруге есептелген",- дейді "Базис-А" корпорациясы" ЖШС-нің директорлары кеңесінің төрағасы Александр Белович.

Алаң астында көптеген жер асты инженерлік коммуникациялар орналасады. Қазіргі уақытта оларды жер астына көшіруге қатысты дайындық жұмыстары жүргізілуде.

Көлік қозғалысын сақтау үшін алаң бойындағы қозғалысты тоқтатпауға шешім қабылданды. Кешен құрылысы екі кезеңмен жүргізіледі және де екі жылда аяқталады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны