19.12.2008, 14:33 1832

Алматыдағы Республика алаңының астында сауда-ойын сауық кешені болмайды - әкімдік

Алматыдағы Республика алаңының астында "Алмалы" сауда-ойын сауық кешені болмайды. Бұл туралы бүгін қала тұрғындарының алаңның астындағы шұңқырды көміп тастауды талап еткен митингісінің барысында Алматы қаласы әкімінің орынбасары Серік Сейдуманов мәлімдеді.

Алматы. 19 желтоқсан. "Қазақстан Бүгін" - Алматыдағы Республика алаңының астында "Алмалы" сауда-ойын сауық кешені болмайды. Бұл туралы бүгін қала тұрғындарының алаңның астындағы шұңқырды көміп тастауды талап еткен митингісінің барысында Алматы қаласы әкімінің орынбасары Серік Сейдуманов мәлімдеді, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Сауда-ойын сауық кешенінің бұрынғы жоба-үлгісінің күші жойылды, қазір басқа үлгілер қарастырылып жатыр. Алаңның үстіңгі бөлігі барлық қажетті инфрақұрылымымен алаң ретінде қалпына келтіріледі. Ал оның астында не болатыны жөніндегі мәселе қазір шешілу үстінде, жобаны қайта жасау қажет", - деді С. Сейдуманов журналистерге берген сұхбатында.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны